8 October 2019
Маусым айында ҚБСА-ның астаналық кеңсесінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» инспекторы Петр Ницыкпен кездесу өтті. Биылғы жылдың қаңтар айында ол және оның әріптесі Ерлан Нұрғалиев Қарағанды облысында киіктер мекендейтін аумақты күзету кезінде браконьерлердің шабуылына тап болған.
Кездесуде ҚБСА атқарушы директоры Вера Воронова Петра Ницыкқа жануарлар дүниесін қорғау қызметінде жоғары жауапкершілік үлгісін көрсеткені үшін алғыс білдірді.
"Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы бойынша ҚБСА-ның халықаралық серіктестері денсаулығын қалпына келтіруде қолдау көрсету үшін Петр Ницыкқа материалдық көмек бөлді. Осы жылдың ақпан айында серіктестеріміз қаза болған Ерлан Нұрғалиевтің отбасына материалдық көмек көрсеткен.
Поделиться с друзьями