9 September 2019
19 маусымда ҚР Парламенті Сенатында орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, сондай-ақ 2016 жылғы «Қазақстан Республикасында биологиялық алуантүрлілікті сақтауды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер" атты парламенттік тыңдаулардың ұсынымдарын іске асыру бойынша Үкімет сағаты өтті.
Баяндамашылар арасында ҚБСА-ның Қолданбалы биология орталығының директоры, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Сергей Скляренко да болды.
Сөз сөйлеу кезінде ол келесі тақырыптар бойынша бірқатар мәселелерді қозғады:
1. Жануарлар дүниесінің мониторингі және кадастры
2. Маңызды түрлер бойынша іс-қимыл жоспарлары
3. Желілік инфрақұрылымның дамуы
4. Көктемгі аң аулау
5. Ұлттық саябақтардағы аң аулау
6. Жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз сату
Поделиться с друзьями