24 September 2019
14-23 шілде аралығында ҚБСА ұйымдастыруымен Fauna&Flora International, АҚШ-ң Балық және жануарлар дүниесін қорғау қызметі (U.S. Fish and Wildlife Service) және АҚШ-ң Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері Үстіртке барып, бірқатар кездесулерге қатысты.
Сапардың мақсаты – «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы серіктестеріне "Қазақстандағы ақбөкен мүйіздерін сатуға қарсы күресте потенциалды және ынтымақтастықты нығайту" және "Үстіртте инспекторлар тобын құру және енгізу" жобаларын жүзеге асыру қарқынын көрсету.
Ақтөбе облысында делегация ҚБСА-ның Үстірттегі тобының жұмысымен танысты, сондай-ақ «Ақбөкен достары» клубын көріп шықты.
Поделиться с друзьями