9 September 2019
15-16 тамызда Қазақстан астанасында LIFE for Save Flight жобасы аясында сулы-батпақты аумақтарды мекендейдін құстар түрлерін тұрақты пайдалану және сақтау бойынша семинар өтті.
Оған қызылжемсаулы қарашақаз кездесетін үш елден (Украина, Ресей, Қазақстан) жиырма өкіл қатысты. Олардың ішінде: аңшылық шаруашылығын пайдаланушылар, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалануды бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметтер, қорғалатын табиға аумақтар және ғылыми ұйымдар өкілдері бар.
Қатысушылар сулы-батпақты аумақты мекендейтін құстардың популяцияларын сақтаудың жалпы мәселелерін талқылап, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе, бүкіл көші-қон жолы бойында популяцияларды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері өткір пікірталастар тудырды. Даниядан және Мажарстаннан келген жаттықтырушылар топтарда бірігіп жұмыс істеу үшін мүдделі топтардың позициясын түсінуге мүмкіндік беретін дәрістер мен тапсырмалар дайындады.
Поделиться с друзьями