18 July 2020
6-22 мамырдың аралығында ҚБСА қызметкерлері жүргізген ақбөкендердің төлдеу орындарын іздеу жұмыстарының нәтижесінде 7 күннен кейін 51 шаршы километр аумағында 530 құралай табылды. Соның ішіндегі 26-сынан биометрикалық мәліметтер алынды.
Босануға дейін ұрғашылар қол жетпейтін жерлерге барады, сондықтан оларды Үстіртте табу оңай емес. Осы жылы ҚБСА үнемі қызметтесетін жергілікті тұрғындардан алынған ақпарат көмектесті. Бұған дейін, 2018 жылы, серіктік қарғылардың мәліметтері арқасында үстірт ақбөкендердің төлдеу жерлері табылды. 2019 жылы ұзақ ізденістерге қарамастан, мамандарымыз тек үш жылдық төлді тіркеді.
Біздің мамандардың пікірінше, ақбөкендердің төлдеуі негізінен 9-11 мамыр аралығында болды, өйткені 12 мамырда мониторинг жүргізу кезінде 134 үш күндік төл тіркелді.
Жыл сайын ҚБСА «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасы аясында ақбөкендердің төлдеу мезгілін бақылайды, Үстірттерде бұл жұмыс Fauna and Flora Inernational қолдауымен жүзеге асырылады. 2020 жылы, карантинге байланысты, бұл жұмыс Қазақстанда ең аз болып табылатын бір популяцияда жүргізілді. Ақбөкендер төлдеу жерлерінде жүргізілген бақылау популяцияның репродуктивті өнімділігін бағалауға, жаңа туған ақбөкендерден биометриялық мəліметтер алуға, төлдегі еркектер мен ұрғашылардың ара қатынасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Поделиться с друзьями