Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Ақбөкендердің Қазақстаннан Өзбекстанға қарай көшуі расталды

3 June 2020

2020 жалдың сәуірінде ҚБСА және ҚР Шекара қызметі қызметкерлерінің бірлескен бақылау жұмыстарының нәтижесінде ақбөкендердің арнайы тосқауылдар арқылы шекарадан көшуі туралы растама алынды.

 2012 жылдан бастап ҚБСА ҚР Шекара қызметі және ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, ақбөкендердің көшуіне кедергі жасайтын шекаралық тосқауылды жеңілдетуге бағытталған жұмыс жүргізеді. Осы тосқауылдар 260 шақырымға Аралдан батысқа қарай көсіледі, яғни, Үстірт ақбөкендердің көшу жолдарына дейін жетеді. 2015 жылы ҚБСА ұсыныстарының негізінде Шекара қызметі әр шақырымдағы сымның төменгі екі қатарын алып, тосқауылдарды қайта жөндетті. Осы жұмыстың нәтижесінде ақбөкендер көше алатындай 125 өту жолы жасалды. Ақбөкендер оларды бүгіліп өте алады.

 Биылғы қыста Өзбекстанда тіркелген ақбөкендер туралы ақпарат пайда болды. 2020 жылдың сәуірінде ҚБСА Шекара қызметкерлерімен бірге жаңадан жасалған өту жолдарын зерттеп, ақбөкендер қай жерден көшіп келгендерін анықтау үшін  шекара жолағына барды. 335 шақырымдық бағытта мамандар ақбөкендер осы аумақты кесіп өткенін растады. Жануарлардың іздері жеті жерде тіркелді. Үш жағдайда ақбөкендер тосқауылдың бойымен жүріп өтті, төрт жағдайда олар шекарадан өтті. Сонымен қатар, ақбөкендерді бақылайтын шекарашылардан және жергілікті тұрғындардан ақпарат алынды: 2019 жылдың желтоқсан айында – 15 дара, 2020 жылы сәуірде – 4 дара.

Алайда, ақбөкендердің көрші елдің аумағына көшуі туралы толық ақпарат алу үшін қосымша ақпарат қажет. Болашақта ҚБСА серіктік қарғылардың көмегімен пайда болған мәліметтерді қолданады. Күзде Үстірт популяциясының бірнеше дарасына осы спутниктік таратқыштар орнатылады деп жоспарлануда. Шекара күзетімен бірлесіп қосымша сапарлар жыл соңында жоспарланған.

Бұл жұмысты «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы (ADCI) аясында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ACBK) Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Fauna and Flora International (FFI) қолдауымен жүзеге асырады.

Поделиться с друзьями
  • Жалпы сипаттама

     

    АСБК 2006 жылдан бастап Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау саласына қызмет етіп келеді. Барлық жұмыстар ғылыми негізде жүзеге асырылады, өйткені биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары іргелі зерттеулерсіз шешілмейді. Сондықтан АСБК биоалуантүрлілікті экожүйе деңгейінде сақтайды....


    Читать далее

  • Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасы

    "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы – ұлттық және халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының кең ауқымдағы серіктестік бағдарламасы болып табылады.

    Оның мақсаты - жануарлардың негізгі түрлерін, дала және жартылай шөл дала биотоптарын сақтау ж...


    Читать далее

  • "Алты-Сай" экосаябағы

     

    «АЛТЫ-САЙ» - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIРIНШI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚ

    «Алты-Сай» экосаябағы - Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан жабайы табиғаттың бірегей бұрышы, Торғай даласының тарихи және табиғи байлықтар қазынасы. Оның аумағында оңтүстік далаларға т...


    Читать далее

  • О программе Ключевые орнитологические территории - IBA

    Ключевые орнитологические территории международного значения – IBA – благодаря строгому и стандартизованному подходу к их выделению, могут быть сравнимы между собой на национальном, региональном и глобальном уровнях. Они образуют сети, которые, при обеспечении их защиты, играют о...


    Читать далее

  • Наследие ЮНЕСКО

    Тест блок 5

    ...


    Читать далее

  • Жалпы сипаттама

     

    ҚБСА экологиялық ағарту миссиясы

    Адамзат бұрыннан табиғи процестерге әсер етіп келеді және антропогендік жүктемелер қоршаған ортаны сарқуды жалғастыруда. Биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары туралы халықты хабарландырып тұру табиғат қорғау қызметіндегі басты сәттерд...


    Читать далее

  • Қолданбалы биология Орталығы

     

    Қолданбалы биология Орталығы - ҚБСА-ның құрылымдық бөлімшесі. 2011 жылы құрылған Орталық Алматы қаласында орналасқан, бір уақытта Ассоциацияның алматылық кеңсесі ретінде қызмет етеді. 

    Орталықтың басты рөлі - ҚБСА мақсаттарына сәйкес ...


    Читать далее

  • Вестник "Зеленый мир"

    "Зеленый мир" - это информационный электронный журнал АСБК, выпускается 4 раза в год. 

    Ежегодно мы осуществляем десятки различных проектов, и здесь вы можете ознакомиться с нашими достижениями и результатами работ по изучению и сохранению биоразнообразия Казахстана.<...


    Читать далее