26 August 2022
Осы жазда Қостанай облысының оңтүстігінде “Алты-Сай” экосаябағында қос дала қырандары жасанды ұяда жұмыртқа салды. Былтыр АСБК мамандары 35 алаңқайды экспериментті түрде дала қырандарының ұялауына арнап орнатқан болатын.
Жасанды ұяларды орнатар алдында экосаябақ аумағында дала қырандарының 20-25 табиғи ұялары болған, алайда қыран ұялары өрттен, кейбір талдарда ауыр ұялардың асыра көптігінен, кейде үй жануары кесірінен жиі бұзылып жатады. Дала қыраны көбінесе жерде ұя салатын болғандықтан, оларды бұзу жер беті жыртқыштары — түлкі, қарсақ, қасқыр, сонымен бірге үкі секілді қанаттылар үшін де қиынға соқпайды.
Жасанды құрылымдарды орнату құстарға қазақ даласында ұялау мерзімін қолайлы өткізуге көмек береді деп болжануда. Саны азайып келе жатқан дала қыраны үшін де осындай табиғатты қорғау іс-шарасы пайдасын тигізуі мүмкін. Алаңқайларды орнату үшін де түрдің таралу ерекшеліктерін жақсы білу керектігін атап өту қажет. Оларды түрдің тұрақты популяциясы орналасқан және жем-шөп қоры бар, ұяларды бұзу ықпалы расында орын алатын жерлерде қою керек.
“2022 жылы сол алаңқайларды қарап шығу кезінде олардың екеуінде ұя салынғаны байқалды, ал шілдеде әр ұяда бір-біреуден қауырсынданған балапан болды. 35 құрылған алаңқайдың екеуі игерілді, бұны бірінші жыл үшін жемісті нәтиже деп есептеуге болады, және біз жыртқыш құстарды сақтауда бұндай тәсілдің тиімділігін бағалауды әлде де жалғастырамыз”, — деді экосаябақ директоры Алексей Тимошенко.
Ұяларды дала қыранынан басқа қылаң торғайлар да ұнатты — олар алаңқайлардың бірінде 13 ұя салыпты. Осылайша, дала қыранын еліктіру арқылы басқа құстар үшін де ұя салуға жарамды орындарды көбейту іске асуда.
Сурет: Алексей Тимошенко / АСБК
Поделиться с друзьями