Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>

«Алты-Сай» экосаябағында ауыл балаларына өткізілген экскурсия

23 September 2022

2022 жылы 19-20 маусымда АСБК Қостанай облысы Ахмет Байтұрсынов ауылының оқушыларына «Алты-Сай» экосаябағы және “Алтын-Дала” резерватындағы жабайы тұяқтылар реинтродукциясы орталығына экскурсия ұйымдастырды.

Сурет: © Пётр Троценко

Ахмет Байтұрсынов ауылы АСБК-ның “Алты-Сай” экосаябағы аумағында орналасқан, онда жануарлар дүниесін, оның ішінде ақбөкенді де бақылау және қорғау, “Алтын-Дала” мемлекеттік табиғи резерваты төңірегінде Орталық Қазақстан құландар популяциясын қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. Ата-аналар мен ұстаздардың арқасында балалар өз өлкесінің биоалуантүрлілігі және құланды тасымалдау жайлы көп біледі. Дегенмен көбісіне ол жабайы аңдарды табиғатта көру сәті түспеген. Осы жолы оқушылар бірден бірнеше жабайы аңдарды олардың мекен ортасында қызықтап көріп, сонымен бірге биологтардың құланды қалпына келтіру бойынша атқаратын жұмысымен таныс болды.

Экскурсия экосаябақ аумағында басталды, онда бірнеше жерге, сонымен қоса, Тұзкөл соры мен Алтыбай жайылма орманына да аялдама жасалынды. АСБК қызметкері Радик Салемгареев өңірдегі ландшафттардың ерекшеліктері, жануарлар дүниесінің алуандығы және жергілікте жүргізілетін мониторинг пен қорғау жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Табиғатқа шыққанда ұқыпты болу, күтіммен қарау, даладағы өрттің қаупі, адамдармен қалдырылған қоқыстың жабайы жануарларға тигізетін зияны секілді тақырыптарға да біраз уақыт бөлінді.

Оқушылар экосаябаққа саяхат барысында ақбөкендер, қарсақ, түлкі, тазқара, дала қыраны, түз құладыны, қабан және жыланды, т.б. жабайы аңдарды көріп тамашалады, дүрбімен қыранның ұядағы балапандарын да бақылады.

Іс-шара басталар алдында әрбір қатысушыға өңірдің жиі кездесетін жануарлар тізімімен чек-лист парақшалары таратылды. Онда балалар көрген жануарлар түрін белгілеу керек болатын. Олар әр аялдаған жерде жаңа мәліметтер енгізіп, бұл тапсырманы бұлжытпай орындады.

Сурет: © Пётр Троценко

Экосаябақ аумағындағы суы тартылған тұзды көл Тұзкөлдегі аялдау.

 

Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

Радик Салемгареев экосаябақ қорықшылары шағын дала өртін сөндіруге қолданатын аспалы өрт сөндіргішті көрсетуде. Қалағандары жабдықты сынап көрді.

 

Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

Балалар күнделіктерінде қандай және қаншама жабайы жануарларды көргендерін белгілеуде.

Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

 

Қыранның ұясын бақылау. Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

 

Жыртқыш құстарды бақылау. Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

 

Іс-шараның екінші бөлімі “Алтын-Дала” резерватындағы жабайы тұяқтылар реинтродукциясы орталығында жалғасты. Мұнда қатысушыларға экскурсия өткізіп, құланды қайта қалпына келтіру жобасы жайлы әңгімелеп, далалық лагерьді құру және жинау бойынша арнайы мастер-класс ұйымдастырды, оған қоса құстарды бақылау және анықтау жолдарын көрсетті. Балалар сол далалық лагерьде түнеді. Табиғатта шатыр астында қонып шығу көбісінің алғашқы да қызық тәжірибесі болды.

Ең қызығы балалардың қашадағы төрт құланды көруі: ересек аталық пен аналық құландар бұл жерге 2019 жылы көшірілген болатын, екі құлыны осында туылды. АСБК қызметкері Альберт Салемгареев құландар, олардың мінез-құлық ерекшеліктері және орталықты құру жайлы баяндап берді. Қызық болған болар, жан-жақтан сұрақтар төгілді. Көбінің құланды көзбе-көз кездестіру арманы осылайша орындалды. Орталық Қазақстандағы құландар саны көбейгенде, бұл балалар есейіп те қалады. Олар жабайы жануарлар популяциясын қалпына келтіру қандай күшпен іске асатынын әрдайым есте сақтайды деп сенеміз.

АСБК аға маманы Александр Путилин шатырларды орнату мастер-классын жүргізуде. Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

 

Балалар өз бетінше шатырларды құруда. Сурет: © Пётр Троценко

 

Жабайы тұяқтылар реинтродукциясы орталығында оқушылардың орнатқан далалық лагері. Сурет: © Пётр Троценко

 

Альберт Салемгареев және Ахмет Байтұрсынов ауылы ұстазы Жандос Қадырқанов балаларды құландар қашасына жетелеуде. Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

АСБК-ның жетекші маманы Альберт Салемгареев балаларға реинтродукция орталығы аумағында ауа райын болжау станциясы қалай жұмыс атқаратынын түсіндіруде.

 

Балаларға құландардың қоректену ерекшеліктері жайлы әңгімелеуде. Сурет: © Эльмира Мустафина / АСБК

 

Балалар алыстан қашадағы құландарды кезекпен бақылауда. Сурет: © Пётр Троценко

 

Сурет: © Пётр Троценко

 

Алау маңында Сурет: © Пётр Троценко

 

Әрбір қатысушыға АСБК-дан естелік сый ұсынылды. Сурет: © Пётр Троценко

Экскурсияны Ахмет Байтұрсынов ауылының 5-8 сынып оқушылары тамашалады. Саяхатқа табиғатты қорғау және экологиялық науқандарда белсене қатысатын оқушылар шақырылды.

Бір жарым күн ішінде ауыл балалары 30-дан астам жабайы жануарлар түрін, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгендерін де көрді; өз өңірінің табиғатымен, табиғатты қорғау ұйымдарының жұмысымен жете танысты; құстарды бақылауды, дала анықтағышын қолдануды, шатырлы лагерь құруды, жануарларды зерттеуде жазбалар жүргізуді үйренді. Балалар болашақта сол өңірдің жануарлар әлемін бақылауды жалғастыру үшін АСБК мамандары әр балаға Краткий справочник по птицам Казахстана (Қазақстан құстары бойынша қысқаша анықтағыш) (АСБК, 2009), ал мектепке Полевой определитель птиц Казахстана (Қазақстан құстарының далалық анықтағышы) (А.Ф. Ковшар және б., 2014) кітаптарын сыйға тарту етті.

АСБК ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдинге және мектеп директоры Сәпенов Қанат Мәрденұлына экскурсияны өткізуге қолдау көрсеткені үшін, ұстаздар Күлмаш Молдахмет және Жандос Қадырқанұлына іс-шараны жоспарлап жүргізуге көмек бергендері үшін, сонымен қатар, волонтерлер 11 сынып оқушылары Мадина Сапар және Ақару Қанатқызына ынта-ықыластары үшін үлкен алғысын білдіреді.

Аталған іс-шараны АСБК Ақбөкенді сақтау альянсы және Сигрид Раусинг қорының қаржылық қолдауымен өктізді.

Сурет: © Пётр Троценко

 

Сурет: © Пётр Троценко

Поделиться с друзьями