13 September 2022
Үстірт жабайы қойы Арал және Каспий теңіздері суайрығы үшін сирек ареалды арқардың төлтүрі. Ол Қазақстанның оңтүстік батысында және Түркменстан мен Өзбекстанға іргелес бөліктерде мекендейді. Қазақстанда үстірт жабайы қойының басты мекен орны — Үстірттің батыс шыңы. Шамамен 30 жыл бұрын жеке отарлары солтүстік шыңда және онымен байланыстағы Көлеңкелі қалдық сілемінде байқалған. Мамандар оны Атырау облысы шегінде Желтау шыңдарына келіп жатыр деп болжаған, алайда оған дәлел болған жоқ. Іс жүзінде соңғы 30 жылда оның Маңғыстау облысынан тыс аймақтарда анық кездесуі беймәлім.
Үстірт жабайы қойы Қазақстанның сирек және құрып кету қаупі төнген жануарлар тізіміне және Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген. Қызыл кітапта ол III категорияға, яғни ареалы және саны азайып келетін сирек түр қатарына тіркелген.
Дегенмен, енді Қазақстанда үстірт жабайы қойының ареалы азаюын тоқтатқан көрінеді. Керісінше, олар Үстірт шыңы солтүстік және шығысын қоныстап, оның ең солтүстік шеті — Доңызтау шыңында және Желтау қалдық жонында кездесетін болды.
2017 жылдан бері үстірт жабайы қойының іздері Атырау облысының біршама жерлерінде белгіленді. АСБК құрған фототұзаққа оның бірінші тіркелуі 2018 жылы Желтау қыратында, 2019 жылы Доңызтау шыңында орын алды. Ал 2022 жылдың маусым айында қойлардың іздері және өздері де Доңызтау шыңында және Ақтөбе облысы шегінде Байғанин ауданында байқалды.
Үстірттің бұл бөлігінде жабайы қойдың жай-күйі белгісіз. Әзірге қозылары мен буаз аналықтары байқалған жоқ. Олар бұл жерді тұрақтанбауы, төлдеуге де қолданбауы мүмкін, тек азды-көпті мекендеуге өздері үйренген Батыс шыңынан келіп отырады. Солай болғанда да, түрге қолжетімді жем-шөптік жерлердің едәуір ұлғаюына себеп болады. Маман Илья Смелянскийдің айтуынша, болашақта Солтүстік Үстіртте үстірт жабайы қойының көбейетін жеке тобы қалыптасуы ықтимал.
Үстірттің солтүстік шыңы өңірі басқа да жануарлар түрлерінің құнды мекен ортасы. АСБК Атырау облысы әкімшілігімен бірге “Солтүстік Үстірт” жергілікті зоологиялық қорықшасын құру жолында әрекет жасауда. 2022 жылдың жазында табиғи-ғылыми негіздемені дайындау аяқталды. Жұмыс “Шөлдік экожүйені сақтау бастамасы” аясында жүргізілуде.
Сурет: АСБК фототұзағынан
Поделиться с друзьями