21 October 2022
Ақтөбе облысындағы “Ырғыз-Торғай” резерваты Қазақстанда SMART-тәсілін бірінші болып қолдана бастаған табиғатты қорғау аумақтарының бірі. Бағдарламаны резерват қызметкерлері екі жылдан аса патрульдеу және бақылауда деректерді жинау және талдау үшін қолданып келеді және осы бағытта жиналған айтарлықтай тәжірибелерімен өткен кездесуде бөлісе алды.
27-29 қыркүйекте резерват негізінде SMART бағдарламасын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан елдеріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ендіру және қолдануда тәжірибе алмасу бойынша халықаралық кездесу өтті. Кездесу барысында бағдарламаны қолданудың жетістіктері ұсынылып, мастер-класстар жүргізілді. Қатысушыларға “Ырғыз-Торғай” аумағында деректерді бағдарламаға дұрыс енгізу көрсетілді. Олар сол бойда кездескен 12 000 ақбөкенді, суда жүзуші және су маңайы құстары — барылдауық үйрек, қызғылт бірқазан, қарабай, қасқалдақ, қызылтұмсық сүңгуір, тауқұдіретті қолданбаға тіркеп, орналасқан жерін белгіледі.
АСБК қызметкерлері SMART-тәсілін «Алты-Сай» экосаябағы аумағында да сәтті ендіру және қолданыс тәжірибесімен бөлісті. Кездесу нәтижесінде Қазақстан және басқа ел SMART-қызметкерлері бір-бірімен ақпарат алмасып, қолданбаның өзекті мәселелерді шешуде оң ықпалын тигізетін тұстарын талқылады.
Кездесу GIZ “Арал өңірінің экологияға бағдарланған өңірлік дамуы” аймақтық жобасы аясында Михаэль Зукковтың қорымен (Германия) ынтымақтастықта өтті.
Сурет: Jens Wunderlich
Поделиться с друзьями