Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Қазақстанда қаздар мен қарашақаздарды күзгі бақылау басталды

22 October 2022

7 қазанда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Қауіпсіз ұшу жолы» жобасы аясында қаздар мен қарашақаздарды күзгі бақылау басталды.

Санақ жүргізілетін аумақтар аңшылық шаруашылықтардың қарамағында. АСБК мамандары ұшып өтетін құстар саны жайлы ақпарат жинаумен қоса, шаруашылықтардың қызметкерлерімен де ақпараттық сұхбат жүргізеді. Қорықшыларға қаздар мен қарашақаздардың сирек кездесетін қандай түрлері барын, ауланатын түрлерімен салыстырғанда олардың пайыздық қатынасы жайлы мәліметтер береді. Мониторинг барысында Қостанай облысы Қамысты ауданындағы біршама ірі суқоймаларда сирек кездесетін қызылжемсаулы қарашақаздар мен шиқылдақ қаздардың саны жалпы қаздар санының 45-47,5% құрады. Бұл оларды әдейі немесе кездейсоқ атып алу қаупін арттырады. Биыл күзде осындай қызылжемсаулы қарашақазды заңсыз ұстау жайы орын алған болатын. 

Қоныс аудару кезінде әдетте құстар тоқтайтын суқоймалардың жай-күйі де алаңдатып келеді. Осы жылы аса құрғақ жаздан кейін Қамысты және Науырзым аудандарындағы көлдер суы тартылып, құстардың азғантай сулы жабында, кішкене шұңқырлар мен тоғандарда топталуына тура келді. Мұндай жағдай оларды аса қорғансыз етеді.

Алексей Тимошенконың пікірінше, көлдердің кебуі қысқы және көктемгі аз мөлшердегі жауын-шашынмен қоса, ауыл шаруашылығын ұтымсыз басқару салдарынан болуы мүмкін. Соңғы жылдары жергілікті фермерлер егінді шектен тыс егуде, ал ол еріген судың қалыпты ағынына бөгет жасайды, сол себептен осы аумақтағы біз бақылаған 14 суқойманың сегізі құрғап кеткен. Олардың көбісі халықаралық маңызы бар негізгі орнитологиялық аумақ болып саналады. 

Сурет: Алексей Тимошенко / АСБК

Поделиться с друзьями