30 May 2023
АСБК-ның Tabigat Media онлайн журналында ортаазиялық құрлық тасбақасы, оның тіршілігі және оған төнетін қауіп жайлы ақпараттық мақала шықты. Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға (CITES) сәйкес осы түрді қорғауға қойылған талаптарға қарамастан, бауырымен жорғалаушы көбіне заңсыз жинау мен саудаға түсіп жатады. Бұл тақырып қазір ерекше өзекті, себебі, Қазақстанның оңтүстік өңірінде тасбақалар қысқы ұзақ ұйқыдан кейін жаппай жер бетіне шығады және контрабандашылардың қолына оңай түсіп қалады.
CITES – халықаралық үкіметтік келісім, оған Қазақстан 1999 жылы қосылған. Ол жабайы жануар және өсімдіктер халықаралық саудасын қауіпсіздікпен және қажетті қорғаныспен қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім жануарлар мен өсімдіктердің 33 мыңнан астам түрін қамтиды, оларға түрлі қорғаныс деңгейін қамдайды.
АСБК жұмыс бағытының бірі – Қазақстан үкіметіне жабайы жануарларды заңсыз саудалаумен күресуге көмек беру, осылайша конвенцияның міндеттемелерін орындауға ат салысу. Бұл жұмысты 2012 жылы бастағанбыз, ол кезде бар назар ақбөкен мүйізінің заңсыз айналымында болды, қазір құқық қорғау органдарымен бірлескен іске ортаазиялық тасбақа, ителгі және т.б. қосылды.
Кеден және шекаралық қызмет органдары үшін қызметтік-іздегіш иттерді оқытып дайындау, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне конвенция ережелерін қолдану бойынша біршама тренинг өткізу, нұсқаулықтар басып шығару және көршілес елдермен ақпарат және тәжірибе алмасуды жайластыру шаралары Қазақстан жабайы жануарларын және олардың бөліктерін заңсыз саудалауға қарсы әрекетінің көрсеткішін көтеруге септігін тигізеді.
Ортаазиялық тасбақа бойынша жеке өңірлік жоба шегінде АСБК Зоология институты герпетологтарымен біріге бауырымен жорғалаушының популяциясы жайына талдау жүргізді және браконьерлік пен заңсыз айналым жағдайын да қамтыды. Оған қоса осы тасбақаның тіршілік ететін жерлерінде тұратын жергілікті облыс тұрғындарынан әлеуметтік сауалнама алынды.
Сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, жергілікті халықтың браконьерлікпен айналысуының негізгі екі себебі анықталды: қосымша табыс көзі және заң жайлы да, тасбақа жайлы да жеткілікті білімнің болмауы. Өкінішке орай, халық тасбақаның тұрмыс қалпын жете білмейді, сонда да көмектесу ниетімен оны жабайы табиғаттан алу арқылы зиянын тигізеді.
Сол себепті tabigat.media сайтында Юлия Зима мен Марина Чирикова сынды кеңесшілердің қатысуымен және онлайн журнал редакторларының көмектесімен жазған Алия Веделихтың мақаласын оқып шығуға кеңес береміз. Сондай-ақ сіздерден осы ақпаратты таратуларыңызды және ортаазиялық тасбақаны заңсыз алу мен саудалаудан алшақ жүрулеріңізді сұраймыз.
Сурет: Марк Пестов
Поделиться с друзьями