28 May 2023
Қазақстандағы ақбөкеннің әуедегі санағы қорытындысы жарияланды. АСБК жұмыстың ғылыми тарапын орындады. 2023 жылғы әуе санағының деректеріне сәйкес Қазақстанда ақбөкен популяциясының саны 1,9 миллионнан асты.
Әдеттегідей Жайық популяциясы ең көп 1,13 миллион санды құрады, одан соң Бетпақдалада – 745 300, және Үстіртте – 39 700 бас ақбөкен есепке алынды.
Ақбөкен әуе санағын 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары іске асырды.
Поделиться с друзьями