2 November 2021
«АЛТЫ-САЙ» - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIРIНШI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚ
«Алты-Сай» экосаябағы - Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан жабайы табиғаттың бірегей бұрышы, Торғай даласының тарихи және табиғи байлықтар қазынасы. Оның аумағында оңтүстік далаларға тән ландшафттың негізгі түрлері: шұңқырлар, көлдер, өзендер, құмдар, тұзды батпақтар және тасқынды ормандар көрініс табады.
2009 жылы АСБК - «Алтыбай» және «Саға» деген екі аңшылық шаруашылықты өздерiнің қарамағына алды. Сегіз жыл бойы бұнда біз жануарлар әлемін қорғап, бақылап отырдық, биотехникалық жұмыстар жүргізіп, жергілікті тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғауды насихаттадық. Іс жүзінде бұл аумақтар зоологиялық қор ретінде қызмет етеді, сондықтан бұнда аң аулауға тыйым салынады.
Жылдар өте келе АСБК да дамып келді: әртүрлі салаларда білікті мамандар қатары кеңейді; техникалық құралдар да сапа мен сан жағынан өсті; ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен, жергілікті халықпен жұмыс істеуде тәжірибе жиналды; дала экожүйесін зеррттеу бағытында да ғылыми зерттеулер тәжірибесі кеңейді; жануарлар дүниесі мен экожүйелер жөнінде мәліметтерді жинақтайтын деректер базасы құрылды. Сонымен қатар, біздi қолдайтын көптеген жаңа қазақстандық және шетелдік серіктестер табылды. Жалпы, бізде сапалы жаңа мүмкіндіктер пайда болған соң, біз территориялармен жаңа деңгейде жұмыс істеуге көшуді ұйғардық.
Біздің мақсатымыз – адамзат мен табиғаттың мүдделері тең деңгейде назарға алынып, қорғалатын жаңа пішіндегі экологиялық саябақ құру.
Жергілікті халық пен оны қоршаған орта үндестікте тіршілік етуі үшін міндетті түрде территорияларды қолданыстан алу немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру қажет емес. «Алты-Сай» экосаябағы осыған бірден-бір дәлел бола алады.
![]() |
![]() |
Экосаябақтың орналасуы | Карта-схема |
Поделиться с друзьями