5 April 2021
Табиғи ресурстарды қалыпты түрде пайдалану принциптерін дамыту үшін ҚБСА ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен басқа да табиғатты қорғау саласында қызмет ететін мамандардың біліктілігін арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырып, аңшылық және ауыл шаруашылығы алқаптарының иелерімен семинарлар/кездесулер өткізеді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЕҚТА-ң инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері үшін карталармен жұмыс істеу, жануарларды есепке алу кезінде GPS пайдалану, арнайы құрылған дерекқорға ақпарат енгізу бойынша тренингтер өткізіледі. Оғаг териология, орнитология және ботаника саласындағы сарапшылар шақырылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҚР ҚМ Қаржы мониторигі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында иттерді есірткілерді, ителгілерді, дала тасбақаларын, киіктің мүйіздерін және басқа да объектілерді іздеуге үйрету бойынша тренингтер өткізіледі. Оқытылған иттер жануарлар дүниесі объектілерін сатудың ыстық нүктелерінде жұмыс істейді және заңсыз трафикке қарсы күреске өз үлесін қосады. Тренингтер ҚБСА-ның "Алтын Дала" табиғат қорғау бастамасы аясында ҚР ҚМ Кинологиялық орталығымен бірлесіп Fauna&Flora International (FFI, Ұлыбритания) қолдауымен ұйымдастырылады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Поделиться с друзьями