Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Рамсар конвенциясы

Рамсар конвенциясы

Сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция (Рамсар, Иран, 1971) үкіметаралық келісім болып табылады. Оның негізгі мақсаты -  барлық сулы-батпақты алқаптарды сақтау және ұтымды пайдалануда ұлттық және халықаралық серіктестікті нағайту және сол арқылы бүкіләлемдік деңгейде осы су ресурстарын тиімді пайдалану. Рамсар конвенциясы  халықаралық қауымдастықтар мен ұйымдардың назарын сулы-батпақты аумақтардың тез арада жойылу мәселесіне аударып келеді. Конвенцияға қосылған мемлекеттер өз территориясындағы сулы-батпақты жерлердің жоғалуына және тозуына жол бермей, осы алқаптарды сақтауға бағытталған іс-шараларды насихаттауға міндетті.

Қазақстанның Рамсар тізіміне кіретін алқаптары: Жарсор-Ұрқаш көлі, Орал сағасы, және Каспий теңізінің жағалауы, Теңгіз-Қорғалжын көлдер жүйесі, Наурызым көлдері, Торғай және Ырғыз көлдерінің төменгі ағысы, Күлкөл-Талдыкөлдік көлдер жүйесі, Қойбағар-Тымтәуір көлдер жүйесі, Іле өзенінің сағасы, Балқаш көлінің оңтүстігі, Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі,  Кіші Арал теңізі және Сырдария өзені. Бүгінгі таңда еліміздегі Рамсар учаскелерінің жалпы аумағы 3 281 398 га құрайды.

Сулы-батпақты алқаптар деген не?

Конвенцияның анықтамасына сәйкес, сулы-батпақты алқаптарға батпақтар, жайылымдар, өзен-көлдер, суқоймалар, су асты шалғындары, кораллды рифтер және тереңдігі алты метрден аспайтын теңіз аймақтары кіреді. Сондай-ақ техногенді объектілер, соның ішінде кәріз септиктері мен су қоймалары.