Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

АСБК мүшелігіне қосылу


АСБК мүшелігі жайлы

Егер сіз АСБК міндетін қолдап, оның құндылығына ортақ болсаңыз, Қазақстанның жабайы аңдарын сақтауда көбінше ықпал тигізуді қаласаңыз, табиғатқа ықыласпен қарау білімін өрістету ісіне араласуға дайын болсаңыз, сізге АСБК мүшесі болуға әбден мүмкіндігіңіз бар.


Ол қалайша жүзеге асырылады?

· Сіз АСБК мүшелігіне ену үшін тікелей желіде немесе қауымдастық кеңселерінде өтініш толтырып, жылдық мүшелік жарнасын төлейсіз.
· Мүшелік жарна нақты табиғатты қорғау мақсаттарына жұмсалады.
· Мүшелікке енген күйде сіз бір жолғы бастапқы пакетін пошта арқылы немесе АСБК кеңселерінде аласыз.
· Сол жыл аралығында сіз электронды түрде маңызды және пайдалы ақпараттар алып отырасыз.
· АСБК мүшелері көбейген сайын біз жобаларды жүзеге асыруда және мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына нәтижелі түрде ықпал етуге амал таба аламыз.


АСБК мүшелерінің мүмкіндіктері

· Біздің акцияларымыз бен шараларымызда ерікті қатысушы болу;
· АСБК интернет-дүкенінде 50%-ға дейін жеңілдікпен баспа және басқа да өнім алу;
· 25%-ға дейін жеңілдікпен экотур және түздік лагерьлерге қатысу;
· Біздің жұмысымыздың сапасын жақсарту мақсатында ұсыныстар жасай алу;
· Еркіндігіңізше АСБК-да үш жылда бір рет өтетін Жалпы жиналыстарға қатысу, қауымдастықтың әрекет бағытына ықпал ету, Кеңес мүшесін таңдау және т.б.

Әрбір жаңа АСБК мүшесі бір жолғы бастапқы пакетіне ие болады

АСБК мүшелігі сұраулары бойынша байланыс:


АСБК мүшелігіне қосылудың желідегі үлгісі

* Толтыруға міндетті тармақ


Қосымша

АСБК-ның мүшелік Ережелері және Жарғысымен танысу қажет