Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Қызылжемсаулы қарашақаздың қоныс аударуын қорғау мақсатында зерделеу

21 June 2022

АСБК және Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қызметкерлері сол жергілікте 10 қызылжемсаулы қарашақазды таратқыштармен белгіледі. Ол тефлоннан жасалған белдікпен құстың арқасына немесе мойнына бекітіледі және GPS серігі мен GSM байланыс жүйелері арқылы құстың қозғалыс орны жайлы мәлімет беріп отырады.

Қызылжемсаулы қарашақаз — әлемдегі қаздардың ең әлсіз түрінің бірі. Ол Арктикада ұя салып, Шығыс Еуропа елдерінде қыстап, Солтүстік Қазақстан суқоймаларына көктем мен күзгі қоныс аудару мезгілінде демалуға және азықтануға тоқтайды.

Қызылжемсаулы қарашақазды зерттеу LIFE “Қауіпсіз ұшу жолы” жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба түрдің таралу аймағының бес елін қамтиды — Болгария, Ресей, Румыния, Украина және Қазақстан. 2019 жылдан бері 37 қарашақаз белгіленді, олардың 31 Қазақстанда — көктемгі ұшып өту мезгілінде.

Аталған жобаның арқасында қызылжемсаулы қарашақаздың ұя салу, қыстау, тынығу орындары жайлы ақпарат жаңартылды. Ол тиісінше құстардың тоқтау аумақтарын басқаруды жақсартуға ықпалын тигізетін қажетті мәлімет.

Мәселен, былтыр Қостанай облысында таратқыштардан түскен ақпаратқа сүйене отырып, “Құлыкөл” аңшылық шаруашылығын жаңадан аймақтау жүргізілді. Онда құстардың аң аулауға тыйым салынған тыныштық белдемі жалпы аудан көлемінен 11% дан 29% ға кеңейтілді. Мұндай шешім құстарды мазалау ықпалын азайтады. Себебі, құстар үшін заңсыз аң аулау басты қауіптердің бірі.

Қарашақаздың мекен ететін елдерінде заңсыз аң аулау деректері құстардың таратқыштарынан түскен ақпараттармен айқындалды: Румынияда браконьерлік екі оқиға расталып, екі іс те сотқа берілді.

Болгариялық серіктес ұйым “Bulgarian Society for the Protection of Birds” таратқышпен белгіленген қарашақаздардың біреуіне арнап қысқаша фильм де түсірді. Оны мына сілтемеге өтіп қызықтауға болады: https://www.youtube.com/watch?v=O9T2Wa9yKl0.

Поделиться с друзьями