Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

АСБК мамандары «Бөкей Орда» резерваты және «Ащыөзек» қаумалы аумақтарында зерттеулер жүргізді

20 July 2022

АСБК мамандары мен Құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) Батыс Қазақстан облысында құрылған «Бөкей Орда» резерваты және «Ащыөзек» қаумалы аумақтарында зерттеулер жүргізді.

“Жұмыстың мақсаты — экожүйенің қазіргі жай-күйін байқап, келешек бақылауға даярлау. Нәтижелерді резерват  қызметкерлеріне тапсырамыз, олар алаңдарда үздіксіз мониторингтік бақылаулар жүргізіп, қорық тәртібіне сәйкес экожүйедегі өзгерістерді қадағалап отырады”, — деді ғылыми қызметкер Алена Кошкина.

Зерттеу жұмысын жүргізуге геоботаниктер, зоологтар, топырақ зерттеуші және қорғалатын ортаны басқарушы мамандар қатысты. Сарапшылар құстар мен сүтқоректілердің санағын өткізіп, аумақта қандай өсімдіктер қауымдастығы өнеді және қайсысы басым, жайылымдық жүгі қандай деңгейде екенін бағалады.

«Жайылымдық өсімдіктің күйін бағалау маңызды мәселе, себебі, қазірде бөкен және үй жануарларының жайылымды қолдануға қатысты қайшылықтары туындауда. Осы аумақта бөкендер мен үй малының қанша саны экожүйе және жергілікті экономикаға зиянын тигізбей бірге қоныстана алады, осыны анықтау және мәселені шешудің бірнеше жолдарын ұсыну қажет» — деді Алена Кошкина.

2022 жылы жыртқыш құстар санағын, тұщы су экожүйесін, су құрамы мен ондағы мекендеушілер түрлерінің химиялық және физикалық көрсеткіштерін бағалау да жоспарда. Жайылым күйінің мезгілдік өзгеруін зерттеу жалғастырылып, оған қоса, жергілікті тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілетін болады.

Аталған іс-шаралар ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, АСБК және Құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) арасындағы келісім аясында ұйымдастырылды.

Сурет: Евгений Лещенко; Александр Путилин / АСБК 

Поделиться с друзьями