25 October 2022
2022 жылдың жазында Батыс Қазақстан облысында жақында ғана құрылған «Бөкейорда» резерваты мен «Ащыөзек» қаумалы аумағындағы Ащыөзек, Кіші Өзен және Үлкен Өзен өзендеріндегі ихтиофаунаның түрлік құрамы зерттелді. Нәтижесінде суаттарда балықтың 7 бөлек тұқымдасына қатысты 25 түрі табылды. Көбінесе тұқы, бұзаубас және алабұға тұқымдарының өкілдері кездеседі.
Зерттелген өзендерде балық түрлерінің саны әрқалай, мәселен, Кіші Өзен өзенінде балықтың 25 түрі тіркелсе, Үлкен Өзен — 16 түрімен белгіленді, ал Ащыөзекте 3 түрі ғана байқалды. Алғаш аталған екі өзендегі түрлер жиынтығының алуандығы олардың Еділ өзенімен байланысы септігінен. Ащыөзек өзеніндегі балықтар түрінің сиректігі оның айтарлықтай тұзды және су ағынының аздығынан болуы мүмкін.
Үш суқоймада да ең көп таралғаны — бозша мөңке. Ол тіршілік күйін таңдамайды, ал аналықтарында аталықтарының қатысынсыз-ақ тұқым беру қабілеті бар. Сонымен бірге, бұл өзендерде алабұға, үкішабақ және бетшабақ балықтары басым. Балықтан басқа Кіші Өзен және Үлкен Өзендерде жергілікті тұрғындардың кәсібі болған өзен шаяны да мекен етеді.
Ихтиофаунаны зерттеудің мақсаты — су экожүйесінің қазіргі жай-күйін баяндап, келешекте бақылауға алуға негіз құру. Бұдан былай резерват қызметкерлері деректерді қолдана және өзгерістерді қадағалай алады. Зерттеу ихтиолог маманы Ален Шакировпен жүргізілді, экспедиция АСБК-ның ғылыми қызметкері Алена Кошкинаның басқаруымен өтті.
Сурет: Ален Шакиров
Поделиться с друзьями