20 December 2022
Ресми хабар:
АСБК-ның кезекті Жалпы жиналысы 2023 жылы 28 қаңтар күні Алматы қаласында офлайн және онлайн гибридті жолмен өткізілетін болады. Өту орны, уақыты және талқыланатын мәселелер тізімі жайлы хабар қосымша жіберілетін болады.
Күн тәртібінде Кеңес мүшелерін таңдап алу және де басқа сұрақтар қарастырылады. Зер салыңыз, дауыс беру құқығына 2023 жылғы мүшелік жарнаны төлеген қауымдастықтың әрекеттегі мүшелері ие.
Біздің құндылықтарымызбен бөлісетін, жылдық мүшелік жарнаны ұдайы өтеу арқылы іс-әрекетімізге демеу көрсететін кез-келген қалаушы АСБК мүшесі бола алады. Мүшелікке өтінішті келесі сілтемеге өтіп қалдыра аласыз: https://www.acbk.kz/site/membership.