Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

АСБК мүшелердің жалпы жиналысы Алматыда өтті

13 February 2023

Өткен айда АСБК-ның негізгі іс-шараларының бірі — бірлесік мүшелерінің жалпы жиналысы өтті!

АСБК мүшелері үшін бұл ортақ жетістіктерді атап өтуге, пікір алмасуға және пікірлестермен танысуға ғана себеп емес, сонымен қатар ұйымның дамуына атсалысуға мүмкіндік береді. Жиналыста дауыс беру арқылы олар АСБК-ны одан әрі дамытудың негізін қалайтын мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

Жиналыс Алматы қаласында өтті және осы қаладағы АСБК мүшелерінде жиналысқа жеке келіп қатысуға мүмкіншілігі болды. Сондай-ақ кездесуге басқа қалалардан келген қатысушылар — Қазақстанның бес облысынан клуб жетекшілері мен АСБК филиалдарының төрағалары қатысты. Отырысқа барлығы 56 АСБК мүшесі қатысты, оның 13-і онлайн режимде.

Қатысушылар АСБК атқарушы директоры Вера Воронованың ұйымның 2021-2022 жылдардағы жұмысының ең маңызды нәтижелері туралы қысқаша есебін тыңдады.

Жалпы жиналыстың негізгі өкілеттіктерінің бірі — АСБК Кеңесін сайлау болып табылады. АСБК Кеңесі жиналыстар арасындағы ұйымның басқару органы болып табылады және белгіленген тәртіппен өз кандидаттарын алдын ала ұсынған АСБК мүшелерінен үш жылға сайланады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша АСБК Кеңесі сайланған төрт адамнан тұрады: Айдар Айтқұлов, Мария Валяева, Елена Ерзакович және Ольга Романова.

Сондай-ақ жиналыста бірлестіктің шаруашылық-қаржылық қызметіне жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша АСБК Ревизиялық комиссиясының қорытындысы ұсынылды.  Ревизиялық комиссиясының жаңа құрамы: Алена Каптенкина, Әділбек Қозыбақов және Серік Тимирханов сайланды.

Өкілдіктерін аяқтаған Кеңес мүшелері АСБК атынан алғыс сөздер мен естелік кәдесыйлар алды. АСБК Алена Каптенкинаға, Максим Кошкинге және Кеңес төрағасы Серік Тимирхановқа 2019-2022 жылдар кезеңінде Кеңес мүшелері ретінде АСБК-ны дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіреді.

Өскелең ұрпақ пен жастарды табиғатты қорғау тақырыбына тартуға белсенді атсалысып, АСБК жұмыс бағыттары мен идеяларын насихаттап жүрген АСБК клуб жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

ACБK жиналыстың барлық қатысушыларына белсенді ұстанымдары мен қолдаулары үшін алғыс білдіреді. АСБК мүшелерінің жалпы жиналысы кемінде үш жылда бір рет өткізіледі.

AСБK мүшесі болу жолын сілтемесі арқылы біле аласыз.

Поделиться с друзьями