Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

“Ұшу жолы чемпиондары” науқаны қарқын алуда

21 February 2023

Champions of the Flyway немесе “Ұшу жолы чемпиондары” — Халықаралық құстарды қорғау одағымен (Birdlife International) өткізілетін қоныс аударушы құстарды қорғау мәселелеріне назар аудару және қаржы жинау жөніндегі халықаралық науқан. 

Науқан 2014 жылы басталған болатын, осы уақыт аралығында қоныс аударатын құстар түрлерін қорғау шараларына 500 000 астам АҚШ доллары жиналды. Сегіз жылда науқан көптеген мәселелерді шешуге ат салысып, Birdlife International серіктесіміздің жұмысына көмек көрсетті. Осы науқанның қолдауымен 2022 жылы АСБК мамандары Ақтөбе және Қостанай облыстарында дала қырандарының ұялауына мүмкіндік тудыратын жасанды ұяларды орнатты.

Шара жылда аса назарға мұқтаж нақты түрге немесе түрлер тобына арналып ұйымдастырылады. Биылғы науқан саны тез азайып келетін өте сезімтал қызылжемсаулы қарашақазға арналады. Ол таралған бүкіл елдерде Болгария, Румыния, Украина, Ресей және Қазақстанда қызыл кітапқа және Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО/IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген. Қазтәріздестердің бұл түріне негізгі қауіп браконьерлік пен мекен орнынан айырылудан келеді. 2023 жылдың науқаны АСБК және Болгария табиғатты қорғау қоғамымен ынтымақтастықта өткізілуде, себебі қарашақаздың қоныс аударуда және қыстау кезінде тоқтайтын аса маңызды жерлері Қазақстан мен Болгарияда орналасқан.

Champions of the Flyway науқаны жарыстық құрамымен ерекшеленеді. Ақпараттық шаралар шегі құстар бәйгесі (bird race) бёрдвотчерлер (құстарды бақылаушылар) жарысымен аяқталады. Қатысушылар бір тәулік ішінде арнайы белгіленген аумақта құстардың неғұрлым көп түрін байқап белгілеуі қажет. Жарыс 27 наурызда Израиль елінің Эйлат қаласында бастама алады. Оған бүкіл әлем топтары қатыса алады. Қазіргі таңда тоғыз топ өзінің қатысуын растады.

Биыл орнитологиялық жарысқа қазақстандық топ Black Larks (Қара бозторғайлар) қатысатын болады. Топ құрамында АСБК-ның ғылыми қызметкерлері және мүшелері Алексей Тимошенко, Александр Путилин, Руслан Уразалиев және Иван Зубань бар.

Аталған “Ұшу жолы чемпиондары” науқанының тағы бір маңызды бөлігі — қаржы жинау, осылайша кез-келген топты қаржылай қолдау әбден мүмкін. Яғни топтар тіркелген құстар түрінің санымен ғана емес, сонымен бірге жиналған қайырымдылық қаражаттың мөлшерімен де сайысады.

Жиналатын бүкіл қаржы қызылжемсаулы қарашақазды және оның мекен ортасын сақтау, Қазақстан мен Болгарияда оны заңсыз аулауға қарсы күреске — құстарды жерсеріктік таңбалау, бақылау және аңшыларға арналған ағартушылық шараларға жұмсалады.

Толығырақ сілтемеге өтіп оқып танысуға болады.

Біздің топты ақпараттық жолмен және қаржылай да қолдауға болады. Қаржыны жинау да, қаражаттың толық мөлшерін көру де сілтеме бойынша жүзеге асырылады.

Науқан және оның мақсаттарымен жақынырақ сайтта оқып білуге болады.

Поделиться с друзьями