28 July 2023
АСБК қоғаммен байланыс маманын іздейді.
Жұмыс орны: Астана/Алматы
Жалақы: 380 мың теңге (қолға алары) кейін өсу мүмкіндігімен
Сәлем әріптес! Бұл сізге арналған жұмыс орны, егер: сіз табиғатты қорғауға қызықсаңыз, биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбына жазуды тез үйрене алсаңыз, ақпаратқа ұқыпты және сауатты болсаңыз, қызметтес және серіктестермен тиімді әрекет ете алсаңыз, диджитал маркетингтен хабарыңыз бар болса.
Біздің ұсынысымыз:
Табиғат пен адамға пайда тигізе отырып, шығармашылық мүмкіндігіңізді толықтай ашу;
Қазақстан ішінде және шетелге қызық іссапарлар;
Корпоративті оқу, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу (Англия, Германия, АҚШ);
Ұйымшыл ұжым, жаңа бастамаларға ашық басшылар;
30 күн ақылы еңбек демалысы;
Аздап ауырыңқырап, хал-жайыңыз нашар болған жағдайда, науқас қағазынсыз 5 күн үйде күтіну.
Қоғаммен байланыс маманының міндеттері:
түрлі байланыс арналарына ұйымның жұмысы жайлы, Қазақстан және әлем бойынша биоалуантүрлілікті сақтау саласында маңызды жаңалықтармен контент жасау;
әріптестермен өзара байланыс орнату және тиімді ақпарат алмасуға әрекет ету;
АСБК серіктестерімен (корпоративтік сектор, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар) екі жақтың мүддесіне сәйкес сыртқы байланыс құру: бірлесіп жұмыс жоспарын әзірлеу, үнемі жұмыс тобы құрамында болу, баспасөзге хабар, жаңалықты біріге дайындау, ақпарат алмасу және т. б.;
ұлттық және халықаралық БАҚ өкілдерімен, тәуелсіз журналистермен, түсірілім топтарымен ынтымақтастықты реттеу, әлеуетті жаңа ортақ жұмыстан туатын қатерді бағалау;
баспасөз мәслихатын құру, қауымға арнап науқан және АСБК іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу және жариялау;
АСБК брендін қолдау және дамыту, маңыздылық деңгейін анықтай отырып, стратегиялық мақсаттар мен жоспар құруға ат салысу;
сайт жұмысын үзбей қолдау, өзгерістер енгізу, сайтқа және әлжеліге түскен өтініштерге кері байланыс беру.
Сізден көргіміз келетіні:
ұжымдардағы тәжірибе, қызметтестермен өзара қатынас;
БАҚ-мен жұмыс;
ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеу, стратегиялық мақсаттарды анықтау, коммуникациялық стратегия дайындау тәжірибесі;
тіл білімі: орыс тілі — ауызша және жазбаша сауатты болу; ағылшын тілі — intermediate және одан жоғары дәрежеде білу; қазақ тілінде ауызекі сөйлеу. Бірінші кезекте қазақ тілін жақсы игерген үміткерлер қарастырылады;
басты сандық (digital) PR және маркетинг құралдарын білу, SMM, сайт жұмысын сүйемелдеу, сайт құру тәжірибесі.
Сізбен жақынырақ танысу үшін түйіндемеге осы ілеспе хат пен өз жұмыс портфолиоңызды (әзірлеген ақпараттық ресурстар, мәтіндер, мақалалар және т.б. сілтемелерді) міндетті түрде қоса жіберіңіз.
Конкурс шарттары:
Түйіндемемен ілеспе хат және портфолиоңызды, тақырыбын «PR маманы» деп белгілеп hr@acbk.kz поштасына жіберіңіз. Бұл вакантты орын екі қалада Астана немесе Алматыда ең келісті маманды тапқанға дейін ашық мерзімді болады. Өтінімді барлық шартқа сәйкес рәсімдеген (түйіндеме, ілеспе хат, портфолио және хат тақырыбын дұрыс атау) үміткерлер кері байланыс алатын болады.
Егер сіздің түйіндемеңіз біз қойған талаптарға сай келсе, әлбетте сізді сұхбатқа шақыратын боламыз!
Поделиться с друзьями