Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Қазақстанда СИТЕС Конвенциясын қолдану жөнінде трениң өтуде

17 August 2023

Бүгін 17 тамызда Алматыда құқық қорғау органдары мен шекара қызметіндегі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамына Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияны (СИТЕС) қолдану бойынша трениңі басталды.

Онда СИТЕС Конвенциясы және ұлттық заңнамалар ұсынымдары негізінде сарапшылар тобымен дайындалған біліктілікті арттыру курсының тұсаукесері болады. Оқытушылар құрамы АСБК, Зоология институты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының сарапшыларынан тұрады. Трениң қатысушылар алда осындай оқыту іс-шараларын өткізіп тұрады деген нәтижені көздейді.

Курсты даярлау мен болашақ бапкерлерді оқыту – жануарлар және олардың дериваттарын заңсыз саудалауға қарсы әрекеті бойынша АСБК жобасының бір бөлігі. Бұл жоба 2022 жылдан бері Фауна және флора (FFI) халықаралық ұйымымен серіктестікте, Есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі халықаралық бюросының (INL) қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.

 

Поделиться с друзьями