16 November 2018
Бағыттың басты мақсаты - дала, шөл және жартылай шөл дала экожүйелерінің экологиялық байланысын қамтамасыз ету.
Міндет 1. Бастама территориясы шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды байланыстыратын экологиялық дәліздер анықталды (қажеттілігіне қарай)
- Ауданы 2 миллион гектар жерді қамтитын, үш ерекше қорғалатын табиғи территорияны қосатын (Ырғыз-Торғай және Алтын дала мемлекеттік резерваттары, Торғай зоологиялық қаумалы) "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру (орындалды)
Міндет 2. Инфрақұрылымдық нысандардың (теміржол, көлік жолдары, құбыр желісі, су каналдары т.б.) жануарлар дүниесіне тигізетін қатерлі әсерін азайту
- Қолданыстағы инфрақұрылым нысандары мен киіктердің көші-қон жолдары қаншалықты қиылысатынын зерттеу (орындалды)
- Экожүйелер, ландшафттар мен жануарлар түрлеріне тиетін қатерлі әсерді жеңілдету мақсатында мемлекеттік органдармен белсенді қарым-қатынаста (ең алдымен Орталық-Батыс автожолы бойынша)
Міндет 3. Жер мен су ресурстарын пайдаланатын үлкен жобалардың қатерлі әсерін азайту
- Жануарлар дүниесі мен маңызды территорияларға тиетін қатерлі әсерді жеңілдетуде жергілікті атқарушы органдар мен жекеше бизнеспен серіктестік құру
Міндет 4. Аңшылық шаруашылықты басқару қызметі "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы мақсаттарымен үйлесімді болуы тиіс
- "Алтыбай" және "Саға" аңшылық шаруашылықтары негізінде құрылған "Алты Сай" экологиялық саябағы территориясында жабайы табиғатты тиімті қорғау және мониторингілеу қызметін ұйымдастыру.
Поделиться с друзьями
выберите одну из предложенных социальных сетей чтобы рассказать о новости друзьям