9 September 2019
Оқытуға «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Қоныс аудару орталығы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты "Алматы зоологиялық паркі" КМҚК қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар жабайы жануарларды аулаудың негізгі әдістерін, анестезия ерекшеліктерін және жаңа мекенге көшіру ережелерін зерттеді. Алматы қаласының хайуанаттар бағы аумағында өткізілген практикалық сабақ кезінде, қатысушыларға Пржевальский жылқысы негізінде жануарларға анестезия қоюдан бастап, оны жаңа мекенде босатып жіберуге дейінгі процесті көрсетті.
Тренинг мақсаты – Қазақстандағы жабайы жануарларды реинтродукциялау бойынша болашақ жобалар үшін мамандар дайындау.
Поделиться с друзьями