Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Бұлбұл – Қазақстан 2022 жыл құсы атанды

23 January 2022

АСБК мүшелерімен Бұлбұл жыл құсы 2022 болып таңдалды. АСБК және Қазақстан құстарын қорғау одағының орнитологтары екі құсты ұсынған болатын - қара сайрақ пен бұлбұл.

Негізінен бізде бұлбұлдың екі түрі бар - оңтүстік бұлбұл мен кәдімгі бұлбұл, олар өзара өте ұқсас. Екеуі біріктіріліп "бұлбұл" деп атанды. Кәдімгі бұлбұл Қазақстанның солтүстігінде ұяласа, оңтүстік бұлбұл оның қалған аумағында ұялайды. Екеуі де қыстауға ұшып кетеді. Оларды бірден байқау оңайға түспейді, себебі сырт әлпеті қарапайым, бір түсті ашық қоңыр, жирен құйрықты, алайда түнгі әндерімен танымал бұлбүлдың керемет дауысын еліміздің қай тұрғыны болса да кем дегенде бір рет қуаныштады десек артық кетпейміз.

Бұл едәуір кішкене (20-30 граммдық) құс, сайрақтар тұқымынан, торғайтәрізділер, бұлбұл тегіне (Luscinia) жатады. Оңтүстік және Кәдімгі бұлбұлдың ең жақын қазақстандық туыстары олардан ерекшеленетін Алабұлбұл - Қаратөс бұлбұл мен Қызылтамақ бұлбұл. Бұлбұлдар орманда, бақтарда, орман алқабында, бұталық жерлерде ұя салады. Ұя әдетте жерде немесе төмен өсетін бұталарда орналасады, сондықтан бұталар баспана ретінде олар үшін өте маңызды. Бұлбұлдар негізінен жәндіктер, құрттар, ұсақ өрмекшілер және т.б., кейде жидектермен қоректенеді. Адамға жақын, оларды қалаларда да, ауылдарда да жиі кездестіруге болады. Бұлбұлды көріп, оның салатын әнін тамашалау шын мәнінде адамзат пен құстар ортасы әл-ауқатының айрықша көрсеткіші.  2021 жыл құсы бірқазан, 2020 жылы ителгі болатын.

Жыл құсы науқаны елімізде 2006 жылдан бері аталып келеді. Ұйымдастырушылар - АСБК (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы) мен Қазақстан құстарын қорғау одағы. Мақсаты - ағартушылық іс-шаралар арқылы құстарға және олардың мекендейтін жерлерін сақтау проблемаларына назар аудару. 

 

Жыл құсы 2022 логотипін жүктеу

 

 

Поделиться с друзьями
  • Жалпы сипаттама

     

    АСБК 2006 жылдан бастап Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау саласына қызмет етіп келеді. Барлық жұмыстар ғылыми негізде жүзеге асырылады, өйткені биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары іргелі зерттеулерсіз шешілмейді. Сондықтан АСБК биоалуантүрлілікті экожүйе деңгейінде сақтайды....


    Читать далее

  • Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасы

    "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы – ұлттық және халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының кең ауқымдағы серіктестік бағдарламасы болып табылады.

    Оның мақсаты - жануарлардың негізгі түрлерін, дала және жартылай шөл дала биотоптарын сақтау ж...


    Читать далее

  • "Алты-Сай" экосаябағы

     

    «АЛТЫ-САЙ» - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIРIНШI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚ

    «Алты-Сай» экосаябағы - Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан жабайы табиғаттың бірегей бұрышы, Торғай даласының тарихи және табиғи байлықтар қазынасы. Оның аумағында оңтүстік далаларға т...


    Читать далее

  • О программе Ключевые орнитологические территории - IBA

    Ключевые орнитологические территории международного значения – IBA – благодаря строгому и стандартизованному подходу к их выделению, могут быть сравнимы между собой на национальном, региональном и глобальном уровнях. Они образуют сети, которые, при обеспечении их защиты, играют о...


    Читать далее

  • Наследие ЮНЕСКО

    Тест блок 5

    ...


    Читать далее

  • Жалпы сипаттама

     

    ҚБСА экологиялық ағарту миссиясы

    Адамзат бұрыннан табиғи процестерге әсер етіп келеді және антропогендік жүктемелер қоршаған ортаны сарқуды жалғастыруда. Биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары туралы халықты хабарландырып тұру табиғат қорғау қызметіндегі басты сәттерд...


    Читать далее

  • Қолданбалы биология Орталығы

     

    Қолданбалы биология Орталығы - ҚБСА-ның құрылымдық бөлімшесі. 2011 жылы құрылған Орталық Алматы қаласында орналасқан, бір уақытта Ассоциацияның алматылық кеңсесі ретінде қызмет етеді. 

    Орталықтың басты рөлі - ҚБСА мақсаттарына сәйкес ...


    Читать далее

  • Вестник "Зеленый мир"

    "Зеленый мир" - это информационный электронный журнал АСБК, выпускается 4 раза в год. 

    Ежегодно мы осуществляем десятки различных проектов, и здесь вы можете ознакомиться с нашими достижениями и результатами работ по изучению и сохранению биоразнообразия Казахстана.<...


    Читать далее