25 November 2022
Төрт құлан “Алтын-Емел” ұлттық паркінен АСБК- ның Қостанай облысындағы жабайы тұяқтылар реинтродукциясы орталығына көшірілді.
Ол жерде жаңа келген құландарға дейін төрт данасы мекен ететін: аталығы мен аналығы және олардың екі құлыны. Төлдері осы орталықта 2021 және 2022 жылдары туылды. Жануарлар мұнда жартылай еркіндік жағдайда мекендейді. Тұрақты топтама қалыптасқан күйде, олар жабайы табиғатқа босатылатын болады.
Торғай даласы — құланның тарихи ареалы. АСБК осы аумақтағы құландар популяциясын қалпына келтіру жұмысымен 2017 жылдан бері мемлекет және шетелдік серіктестермен біріге айналысуда. Бұл жолы жануарлар арнайы жәшіктерде тікұшақпен тасымалданды. Реинтродукция орталығының “Алтын-Емел” ұлттық паркінен 2 100 км қашықтығын есепке ала — бұл, бүгінгі күнде, ең жылдам да қауіпсіз тасымалдау тәсілі. Алматы-Қарағанды авто жолын қайта салу аяқталғаннан кейін аңдарды үлкен топтармен тасу мүмкіндігі туады деген үміттеміз.
АСБК “Алтын-Емел” ұлттық паркі және "Охотзоопром" ӨБ, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы комитеті қызметтестеріне аталған іс-шараны ұйымдастырудағы ынтымақтастығы үшін, сонымен қоса Франкфурт зоологиялық қоғамына (FZS) сараптамалық және қаржылық қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді.
Поделиться с друзьями