5 January 2023
Желтоқсан айында бөкендердің шағылысуы немесе күйлеу кезеңі өтті. Онда әдетте жетілген аталықтар жарысқа түсіп, басымдылық көрсететін мүйізділері топ (гарем) құрайды. Бұл жылы күйлеу мезгіліндегі топтану АСБК-ның «Алты-Сай» экосаябағы мен Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерватында бақыланды. Санақты экосаябақ және резерват ғылым бөлімінің қызметкерлері жүргізді.
⠀
Күйлеу кезінде аталық пен аналық санының ара қатынасын анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіледі. Осы екі аумақта желтоқсанның 10 мен 19 аралығында 23 427 ақбөкен саны есепке алынды, оның 2 315 ересек аталықтар, яғни жалпы санның шамамен 10%.
⠀
Биологиялық циклының тап осы кезеңінде жануарлар аса сезімтал келеді, сол себепті экосаябақ қорықшылары мен резерват қадағалаушылары күзет шараларын күшейтеді: күйлеу орындарында қосымша айналып өту жолдарын әзірлейді. Сонда да осы мезгілде бөкендер табиғи түрде қазаға көптеп ұшырайды: басқа аталықтардан алынған жарақат, әлсіреу және күйзеліс салдары. Толығырақ Tabigat media мақаласында оқуға болады: https://www.tabigat.media/news:5/12000-saiga-winter:35.
Сурет: Алексей Тимошенко / АСБК
⠀