29 July 2023
АСБК жаздың басында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы тұрғындарымен бірігіп, тарғаққа арналған фестиваль ұйымдастырды. Тарғаққа ерекше назар аударылғаны жай емес. Бұл дала балшықшысы сирек кездесетін, әлем бойынша қауіпті жағдайдағы, популяцияның басым бөлігі (95%) Қазақстан даласында ұялайтын түр, және Қорғалжын ауданы оның әдетте ең әйгілі ұя салатын жері.
АСБК мамандары тарғақты 2004 жылдан бері зерттеп келеді. Тарғақ даланы мекендеушілердің ең қарапайым да сирек түрі, сондықтан ол секілді түрлердің зор мәні жайында ақпарат тарату аса маңызды. Осы мақсатта «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен білім беру фестивалі өтті.
Фестиваль Қорғалжын, Сабынды, Шалқар ауылды жерлердегі мектеп оқушыларымен комикс құрастыру мастер-класын өткізуден басталды. Балалар сурет салу мен көрініс сипаттаудағы аз тәжірибемен графикалық оқиғалар құрауға көмек болатын тәсілдерді қолданды. Құрастырылған оқиғаларды @targaq.fest инстаграм парақшасынан тамашалауға болады.
Басты жаңалық бірлесіп тарғақтың сұлбасын орнатып қою болды. Идея авторы Жанна Нугербек халықтың қоршаған ортамен байланысын, оның құндылығын ерекше атап жеткізуде тарғақтың сұлбасын қолданды:
“Арт-объект туған жерге деген адалдықты, табиғат сұлулығы мен нәзіктігін білдіреді. Мұнда ұрпағын қорғайтын тарғақтың ерлік пен батылдық қасиетін негізге алдық. Фестивальға қатысушылар мастер-класта дайындаған құстардың пішінін орнатымға іліп қойды”.
Фестиваль Қорғалжын қорығы аумағында ойындар, «Бес асық», «Асық ату» сайыстары, квест ойыны, құстың пішініндей ою-өрнектерді бояумен аяқталды. Іс шараға 150-ден аса адам қатысты.
АСБК Қорғалжын қорығы әкімшілігіне, сонымен бірге әкімдікке, Қорғалжын ауданы білім бөліміне, және Сабынды ауылы мектебінің мұғалімдеріне шараны өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
Поделиться с друзьями