21 February 2023
АСБК жаңадан құрылған “Бөкейорда”резерватына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Қаңтар-ақпан айларында инспекторларға, ғылым және экологиялық ағарту ісі бөлімі қызметкерлеріне оқыту тренингтері жүргізілді.
АСБК қызметкерлері резерват пен қаумалды қорғаудың құқықтық мәртебесі мен тәртібі жайлы айтып берді, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын толтыру ережесін түсіндірді, деректерді жинау әдістерін үйретті.
Резерват қызметкерлері бақылау жасау бойынша алған білімін іс жүзінде қайталап бекітті. АСБК мамандарымен бірге аумақта GPS-навигатор, дүрбі, фотоаппарат және ғылыми-зерттеу мен қорғау жұмыстарына арналған басқа да жабдықтарды қолдана отырып бағдарлы есеп жүргізді. Есеп жүргізу әдісін, бағыт таңдау, ізін жазып отыру, сонымен қоса дала күнделігін толтыруды түсіндіруге аса ерекше көңіл бөлінді.
Аталған жұмыс АСБК және ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) арасындағы үшжақты келісім аясында, WYSS Foundation қолдауымен жүргізілуде.
Поделиться с друзьями