10 May 2023
Алматыда АСБК-ның Жыл құсы науқаны аясында дәстүрлі бейнелеу өнері байқауы өтті. Биыл қатысушылар қауымдастық мүшелері онлайн дауыс беріп таңдап алған 2023 жыл құсы — көк құстың бейнесін суреттеді.
Балалар көк құс және оның мекен ортасы жайлы алдын ала оқып білген. Сайысты қорытындылау барысында шараны ұйымдастырушы зоолог әрі экоклуб жетекшісі Елена Ударцева оқушыларға көк құсты жете танытты, бәрі құстың әнін сүйсіне тыңдап, оған қатысты біршама қызық ақпарат алды. Іс-шара №5 оқушылар үйінде өтті.
Осындай шаралар балалардың шығармашылық қабілетімен бірге Қазақстан құстарына деген танымдық қызығуын дамытады, құстарды қорғау мәселелерін тереңінен түсінуге, табиғатты аялауға баулиды.
Сайысқа Алматы және Талғар ауданынан 28 білім беру ұйымы — мемлекеттік және жеке мектеп, қосымша білім беру ұйымы, көркем сурет мектебінің 16 жасқа дейінгі оқушылары 150 жұмыс ұсынды. Ең балғын қатысушымыз 4 жаста екен. Түрлі техникада орындалған, оның ішінде сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстар да болды. Оларды әділ қазылар алқасы төрт санатқа бөліп бағалады: 6-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас, 15-16 жас.
Байқау нәтижелері:
Сәндік-қолданбалы өнер
Кестелеу
1 орын – Саптымбаева Жанель, 12 жас, №5 оқушылар үйі
1 орын – Шамсудинова Даяна, 16 жас, №5 оқушылар үйі
Қағазбен жапсыру өнері
1 орын – Цыганаш Денис, 10 жас, ЖББМ №11
Мүсіндеу
1 орын – Пакулов Денис, 8 жас, №5 оқушылар үйі
1 орын – Юнусов Эхсонджон, 11 жас, №4 гим.
Жүннен жасалған бұйымдар
1 орын – Сабырханова Любовь, 14 жас, Сабырханова Вика, 13 жас, №5 оқушылар үйі
Ермексаздан жасалған жұмыс
1 орын – Дзауров Салман, 11 жас, №4 гим.
Киізден жасалған жұмыс
1 орын – Сапрыгина Арина, 14 жас, №5 оқушылар үйі
2 орын – Ыбрай Арай, 12 жас, №6 оқушылар үйі
3 орын – Ыбрай Еркеназ, 14 жас, №6 оқушылар үйі
Сәнделген қауырсын коллажы
1 орын – Магай Алана, 10 жас, «Престиж» мектебі
2 орын – Кенисарина Алина, 9 жас, №18 гим.
Майда моншақтан жасалған бұйымдар
1 орын – Худайбердиева Камилла, 10 жас, №6 оқушылар үйі
2 орын – Мауленқызы Райиана, 10 жас, №6 оқушылар үйі
Суреттер 6-8 жас
1 орын – Данник Милана, «БЭСТ» БДҚҚ мектебі
1 орын – Каримова Сафия, «Ұлы Тау» өнер мектебі
2 орын – Богданова Арина, «Умка» ББО
2 орын – Джапаркулова Ажар, №5 ОҮ
2 орын – Бавдинов Альтаир, №87 ЖББМ
2 орын – Халитов Карим, «БЭСТ» БДҚҚ мектебі
3 орын – Галкин Глеб, №87 ББМ
3 орын – Иванов Дмитрий, «Умка» ББО
3 орын – Анварова Лиана, №87 ЖББМ
3 орын – Бирликбай Райана, №2 ОҮ
«Жасампаздық» номинациясы – Ағбек Назар, «Умка» ББО
«Төлдаралық» номинациясы – Бурков Грант, №25 гим.
Суреттер 9-11 жас
1 орын – Тажигулова Алсу, «Бөбек» гимназиясы
1 орын – Алексеева Полина, №52 ЖББМ
2 орын – Наймушин Адриан, №87 ЖББМ
2 орын – Қоңырбай Айлин, «Еуразия лицейі» ЖШС
3 орын – Сомов Максим, №4 гим.
3 орын – Толеубек Инабат, №87 ЖББМ
3 орын – Илющенко Элина, №132 гим.
«Орындау техникасы» номинациясы – Бурков Феликс, №25 гим.
«Үздік графикалық жұмыс» номинациясы – Иванков Кирилл, №4 гим.
«Жасампаздық» номинациясы – Төлеген Батырхан, №41 ЖББМ
Суреттер 12-14 жас
1 орын – Куренко Анжелика, №5 ОҮ
1 орын – Лебедь Егор, №28 МЛ
2 орын – Жалғас Динара, №169 МЛ
2 орын – Батырбек Санжар, №57 ЖББМ
2 орын – Лескенқызы Алина, №28 МЛ
3 орын – Батырхан Шуғыла, №204 ЖББМ
3 орын – Дүйсенғали Дарын, №169 МЛ
3 орын – Омарова Селен, №22 ЖББОМ, с.Қарабұлақ, Талғар ауданы
«Көрнекті орындалған жұмыс» номинациясы – Дериземля Эвелина, №132 гим.
Суреттер 15-16 жас
1 орын – Симоненко Надежда, №114 ЖББМ
1 орын – Ващенкова Екатерина, №5 ОҮ
2 орын – Симоненко Любовь, №114 ЖББМ
2 орын – Шушакова София, №64 ЖББМ
3 орын – Алимпева Надежда, №3 ЖББМ
АСБК өкілдері барлық байқауға қатысушыларды дипломмен марапаттап, жеңімпаздарды құттықтады. Әрбір ұйымға плакат пен бүктеме таратып берді.
Сурет: Елена Ударцева
Поделиться с друзьями