26 November 2019
23 тамызда Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған "СИТЕС және жануарлар дүниесінің заңсыз тасымалданатын объектілерімен жұмыс істеу" атты семинар өтті.
Семинарға табиғатты қорғау полициясы, Қазақстанның кеден және шекара қызметтерінің мамандары қатысты.
ҚБСА-ның Қолданбалы биология орталығының директоры Сергей Скляренко, СИТЕС ғылыми органының өкілі Татьяна Дуйсебаева, ҚР биоалуантүрлілік бойынша БҰҰДБ сарапшысы Константин Плахов және "Сұңқар" тәлімбағының директоры Ашот Анзоров баяндама жасады. Сондай-ақ, ҚБСА және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті СИТЕС 17.8 "СИТЕС тізіміне енгізілген заңсыз тасымалданатын және тәркіленген үлгілерге иелік ету" резолюциясына қатысты өз ұсыныстарын жариялады.
ҚБСА ұйымдастырған бұл іс-шара Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Fauna & Flora International халықаралық ұйымы және ҚР Зоология институты қолдауымен, ақбөкен мүйіздерін сатуға қарсы күрес жөніндегі әлеуетті нығайту және ынтымақтастық жөніндегі жоба шеңберінде өткізілді.
Поделиться с друзьями