ҚБСА Қолданбалы экология Орталығының кеңес беру қызметтері:
Орталықтың орындаған қызметтері:
"Ұлытау" мемлекеттік табиғи саябағы және Ұлытау-Арғанаты табиғи қаумалы құрылысының жаратылыстану-ғылыми негіздемесін жасау; "Алтын Дала" бағдарламасы, шиқылдақ қаздың миграциясын зерттеу, Пржевальский жылқысы реинтродукциясы және Бүкіләлемдік табиғи мұра құрамына енгізу мақсатында Батыс Тянь-Шань номинациясын даярлауда ғылыми қамтамасыз ету; маңызды орнитологиялық аумақтарды мониторингілеу және олар бойынша мәлімет жинау, BirdLife International дерекқорын толтыру; Рамсар аймақтарын сипаттау бойынша қызмет ету; бірнеше жануарлар түрлері реинтродукциясына және ауланатын жануарлар түрлерін пайдалануына биологиялық негіздеме жасау.