Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Университеттермен жұмыс

АСБК табиғатты қорғау саласында болашақ мамандарды дайындауға ат салысып, ұйым болып құрылған кезден бастап жоғары оқу орындарымен және студенттермен жұмыс жасап келеді.

Студенттермен жұмыс жүргізуде төмендегі әдістер қолданылады:

  • кәсіби тәжірибелерден өткізу;
  • дипломдық жұмыстарға жетекшілік ету;
  • жабайы табиғатты қорғау мәселелері туралы студенттердің білімдерін кеңейту мақсатында арнайы дәрістер мен әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • әр түрлі жобаларға және далалық зерттеулерге волонтер ретінде қатысуға мүмкіндік беру.

2022 жылдың қыркүйек айында АСБК Шеврон компаниясымен серіктестікте «Students for Nature» атты жобаны іске қосты. Жобаның мақсаты – студент жастардың жабайы табиғатты қорғау саласында білімдерін толықтыру және дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру. Белсенді және қызығушылық танытқан студенттерді жобаға тарту арқылы оларға зерттеулерді ұйымдастыруда, мәліметтер жинауда, өз зерттеулері мен жобаларының жоспарын құруда қосымша тәжірибелік дағдыларды үйретуге болады.

Аталған мақсатта келесі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған:

  1. Студенттер мен оқытушыларға табиғатты қорғау тақырыбында ашық дәрістер жүргізу.
  2. Білімгерлерге бақылау және түрлерді анықтау әдістерін үйрететін арнайы қалалық экскурсиялар ұйымдастыру.
  3. Студенттерге арналған тренингтер ұйымдастыру.
  4. Зоологиялық зерттеулерді жүргізудің әдістерін үйрете отырып, далалық жұмыстар ұйымдастыру.

2023 жылы аталған жоба ауқымында іс-шаралар Алматы, Астана, Орал және Атырау қалаларының жеті жоғары оқу орындарында өтетін болады.