Ғылыми атауы | Киік (ақбөкен) |
Сипаттамасы | 4. Кішігірім жұптұяқты жануар, денесінің ұзындығы 110-146 см, салмағы 23-40 кг шамасында болады. Қызғылт сары жүні қыс мезгілінде қалың әрі ақшыл сұр түсті болып өзгереді. Дөңес тұмсығының арқаында оңай ажыратуға болады. Мүйізі тек еркек жануарларды болады, ұзындығы 30 см жетеді. Ұзақ арақашықтықты оңай жүріп өтеді, саяз сулы алқаптарды жүзіп өтеді. |
Мекен орны | Дала және жартылай шөл дала |
Қоректенуі | Әртүрлі өсімдіктер |
Қауіп-қатерлер | Қаскерлік, аурулар |
Мәртебесі | Үлкен дәрежеде қауіп төнген түр |
Киік (Saiga tatarica) – қоныс аударатын тұяқты жануар. Киіктердің бес популяциясы бар, олардың үшеуі Қазақстанда, қалған екеуі Ресей (Қалмық елі) мен Монғолияда мекендейді. Кейбір киіктер Өзбекстанда қыстайды. Монғол киіктері Saiga tatarica mongolica түріне, қалғандары Saiga tatarica tatarica түріне жатады.
Киіктің сыртқы түрі қойға ұқсас. Көздері үлкен, Аяқтары арық. Басын үнемі көлбеу түрде ұстайды, тек қозу не желігу кезінде басын жоғары көтереді. Мүйізі тек еркек киіктерде болады. Құлағы мен құйрығы қысқа.
Жазғы уақытта жануар сары, жирен түсті болса, қыз мезгілінде ағарады. Жазда жүні де қысқа - 1,5-2 см, қыста - 7 см дейін ұзарады. Еркек киіктердің орташа салмағы 40-45 кг болса, ірі еркектің салмағы 50 кг жетеді. Ұрғашылардың орташа салмағы 30 кг, кейде 40 кг жетеді. Денесінің ұзындығы 110-150 см. Еркектері 4-5 жыл өмір сүрсе, ұрғашылары 8-9 жылға дейін тіршілігін жалғатырады. Қазіргі уақытта киіктер қауіп төнген жануарлар қатарында. 1996 жылы оны Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізіп, үлкен дәрежеде қауіп төнген түр деп белгіленді. XX ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы кезіндегі экономикалық жағдай киік етіне және мүйізіне сұранысты арттырып, нәтижесінде киік саны күрт төмендеді. Киік саны он жыл ішінде (1992 - 2003) 50 есе кеміген, 1 млн киіктен тек қана 20 мыңнан астам дана қалған. 2004 жылдан бастап киікті қорғауға және сақтауға арналған шаралардың арқасында оның саны өсіп келеді, бүгінгі күні ол 215 мыңды құрайды.
Поделиться с друзьямиКСРО-ның құлдырауынан кейін киіктердің мүйіздерін Қытайға сату мақсатында, оларды есепсіз ату басталды. «Geo» журналының мәліметі бойынша, 1990 жылдан 2003-2006 жылдарға дейін киіктердің саны 94-97%-ға қысқарған, демек миллионға жуық жануарлардан 31-62,5 мың данасы ғана қалған.