Қолданбалы биология Орталығы - ҚБСА-ның құрылымдық бөлімшесі. 2011 жылы құрылған Орталық Алматы қаласында орналасқан, бір уақытта Ассоциацияның алматылық кеңсесі ретінде қызмет етеді.
Орталықтың басты рөлі - ҚБСА мақсаттарына сәйкес орындалатын түрлі жобаларды іске асыруда ғылыми-зерттеу жұмыстардың жасалуын қамтамасыз ету. Орталық терең де қолданбалы ғылым саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыру үшін құрылған. Мұнда қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша кеңес беру қызметі де іске асырылады.
Орталық міндеттері:
- Қазақстан биологиялық алуантүрлілігін сақтау және зерттеудегі Ассоциация қызметіне ғылыми қамтамасыз ету;
- Қазақстан биоалуантүрлілігін зерттеу бойынша түрлі жобалар мен шараларды іске асыру;
- Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау үшін ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау.
Аталмыш міндеттерді орындауда Орталық:
- Ассоциацияның атқаратын бағдарламалары мне жобаларына ғылыми қолдау жасайды, оның ішінде жаңа жобаларға мәлімдемелер дайындап, техникалық және ғылыми есептемелерге ғылыми рецензия жазады;
- Қазақстан биоалуантүрлілігінің, экожүйелерінің және жеке жануар түрлері биологиясының қазіргі жағдайын ғылыми тұрғыдан зерттейді;
- Биоалуантүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар дайындайды, оның ішінде түрлі деңгейде белгілі бір мақсаттағы бағдарламаларды әзірлейді;
- Биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған ұлттық және халықаралық жобаларды даярлауға және іске асыруға қатысады;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға негіздеме жасайды немесе олардың құрылуына тікелей қатысады, жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме дайындайды;
- Биоалуантүрлілікті сақтау және зерттеу бойынша кеңес беру;
- Қазақстан биоалуантүрлілігін зерттеу саласына қатысты полигрфиялық өнімдер, ғылыми жинақтар мен журналдарды әзірлеп басып шығарады. Ассоциация сайтында да осы сала бойынша ақпарат даярлайды, полиграфиялық өнімдерді ғылыми редакциялау және рецензия беру қызметін атқарады;
- Шаруашылық немесе басқа қолданыстағы территорияныэкологиялық сараптамадан өткізеді, нормативті құжаттар жобасының Қазақстанның тірі табиғатына әкелетін әсерін бағалайды;
- Ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады және оларға қатысады.