Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК)
АСБК негізі 2004 жылы қаланған. Сол жылы биоалуантүрлілікті сақтау саласында қызмет етуші заңды тұлға ретінде Алматы қаласында «Ассоциация сохранения биоразнообразия Казахстана» (АСБК) деген атпен тіркелген.
Сол кезде АСБК құрамына құрылтайшылары ретінде үш үкіметтік емес ұйым кірді: Қазақстан құстарды қорғау одағы (Алматы), "Ремез" құстар әуесқой қоғамы (Алматы), "Арлан" атты жабайы табиғатты қорғау қоғамдық орталығы; кейінірек "Родник" ҮЕҰ (Қорғалжын) және "Наурзым" ҮЕҰ (Қостанай) кірген еді. 2009 жылдың сәуір айында ҚР Әділет министрлігінде (тіркеу туралы куәлік № 5093-1900-ОО от 27.04.2009) Республикалық қоғамдық бірлестік түрінде жеке мүшелікпен тіркелді, Ассоциацияның мақсат-міндеттері мен қызметкерлер құрамы бастапқы қалпында сақталды.
АСБК міндеті - Қазақстанның жанды табиғатын сақтай отырып, халықтың экологиялық сауаттылығын өсіру. Ол үшін біз ғылымдағы жетістіктерді, заманауи технологияларды қолданып, қоғаммен, ұлттық және халықаралық ұйымдермен біріге отырып жұмыс жасаймыз.
Біз үшін жануарлар мен өсімдіктер әлемі мәселелеріне қоғам мен үкімет тарапынан көңіл аударумен қатар, сол мәселелерді өз күшімізбен, онымен қоймай, далалық жағдайларда шешу маңызды.
Бүгінгі таңда біз табиғатты қорғау бағытында 100-ден аса жобаларды іске асырдық. Оларды жүзеге асыруға ондаған мамандар атсалысты. Ұйымда қазақстандық мамандармен бірге сарапшылар ретінде шетелдік қызметкерлер де жұмыс жасайды. Сол арқылы біз табиғатты қорғау әрекетінде заманауи әдістерді пайдаланамыз.
АСБК бүгін: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 2 кеңсе; республика бойынша 9 филиал; Қостанай облысында екі аңшылық шаруашылық негізінде құрылған "Алты Сай" экологиялық паркі; 5 АСБК мүшелері клубы; 47 қызметкер.
АСБК BirdLife International (Халықаралық құстарды қорғау альянсының) қазіргі таңда Орта Азия және Кавказ аймағындағы жалғыз толық құқықты серіктесі болып табылады. Бұл туралы шешім 2015 жылы BirdLife Ғаламдық кеңесі кезінде қабылданды. BirdLife International - табиғатты қорғау саласында қызмет ететін ұйымдардың (BirdLife серіктестерінің) дүниежүзілік альянсы. Ол құстар түрлерінің жай-күйі, олардың мекен ету аумақтары және құстар әлеміне әсері тиетін мәселелер мен ықпалдарға аса мән беруші әлемдік беделді жетекші альянс.
АСБК құрылымы
Басқарма:
Вера Воронова, MSc
Атқарушы директор
Сергей Скляренко, биол. ғыл. канд. (PhD)
Атқарушы директорының ғылым бойынша орынбасары, қолданбалы биология орталығының директоры
Алёна Кривошеева, MSc
Табиғатты қорғау бағдарламалары бойынша атқарушы директорының орынбасары
Әкімшілік көмекші
Қаржы бөлімі:
Жетекші экономист
Лариса Рангно
Бас бухгалтер
Бас бухгалтердің көмекшісі
Экоағарту ісі және қоғаммен байланыс бөлімі:
Қоғаммен байланыс жүргізуші маман
Туризм бойынша маман
АСБК -нің қолданбалы биология орталығы:
2 ғылым қызметкері
2 кіші ғылым қызметкері
2 жоба үйлестірушісі (аға мамандар)
Бақылау және аңшылықтану бойынша маман
Әкімшілік көмекші
“Алтын-Дала” Табиғатты қорғау бастамасын басқару тобы:
2 жоба үйлестірушісі (аға маман, маман)
2 жануарлар әлемін бақылау бойынша мамандар
Әкімшілік көмекші
“Алты-Сай”Экосаябағы (“Алтыбай” және “Саға”аңшылық шаруашылығы):
Алексей Тимошенко
Экосаябақ директоры
Аға аңшылық жетекшісі
5 аға қорықшысы
5 қорықшы
Жабайы тұяқтылар реинтродукцисы орталығы:
Альберт Салемгареев - жоба басшысы (жетекші маман)
Александр Путилин - орталық басшысы
4 бақылаушы-технигі
Үстіртте жануарлар әлемін сақтау және бақылау тобы:
Бахтияр Тайкенов
Топ басшысы
4 жануарлар әлемін сақтау және бақылау бойынша мамандар
Жылдық есеп (орыс тілінде):