Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

"Ақбөкен достары" клубтары

10 March 2023

 

"Ақбөкен достары" - бұл мектеп оқушыларының экологиялық дүниетанымын және қоршаған ортаға деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру, тірі табиғатты сақтау ісіне жәрдемдесу және Қазақстан халқын экологиялық ағарту мақсатында құрылған экологиялық клубтар.

2010 жылы АСБК ақбөкендер мекендейтін жерлерге жақын орналасқан елді мекендерде экологиялық клубтар желісін құру жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда 10 клуб жұмыс жасайды: бесеуі үстірт популяциясының ареалында, үшеуі орал популяциясы, екеуі бетпақдала популяциясында орналасқан.

Клубтар көбінесе шалғай аудандарда ауыл мектептерінің аясында құрылады,онда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі байқалады. Жұмыссыздық көптеген тұрғындарды браконьерлікке итермелейді, және көбінесе олар ақбөкенді заңсыз аулайды. Сонымен қатар, бұл жерлерде аңшылық жергілікті өмір салтының бір бөлігі болып, дәстүрге айналған. Сондықтан ауыл тұрғындарын және бірінші кезекте балаларды қоршаған жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың маңыздылығы туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету өте маңызды.

"Ақбөкен достары" клубтарында оқушылар жануарлардың барлық түрлері, әсіресе, ақбөкеннің маңыздылығын, олардың дала экожүйесіндегі ерекше ролін танып біледі. Болашақта жабайы аңдарды бақылаусыз ату және табиғи ресурстарын ретсіз пайдаланудың салдармен таныс болады. Сабақтар сыныптан тыс уақытта ойын түрінде өткізіледі.

"Ақбөкен достары" клубтарын құру Ақбөкенді сақтау Альянсы (Saiga Conservation Alliance) және Fauna & Flora International (FFI) қолдауының арқасында мүмкін болды.

Поделиться с друзьями