Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Жалпы сипаттама

 

ҚБСА экологиялық ағарту миссиясы

Адамзат бұрыннан табиғи процестерге әсер етіп келеді және антропогендік жүктемелер қоршаған ортаны сарқуды жалғастыруда. Биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары туралы халықты хабарландырып тұру табиғат қорғау қызметіндегі басты сәттердің бірі болып табылады.

 

Біздің еліміздің жануарлар мен өсімдіктер әлемі өте бай, бірақ адамдардың көпшілігі белгілі бір түрлер мен ландшафттарға қауіп төніп тұрғанын және оларды қорғау қажет екенін білмейді. Әсіресе ауылдық жерлерде халық көбінесе қоршаған ортаны сақтау жөнінде жеткілікті ақпарат алмайды.

 

ҚБСА қоғаммен түрлі деңгейде жұмыс жүргізуде:

  • "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасының аясында ақбөкен мен құлан мекендейтін жерлерге жақын тұратын ауыл тұрғындарымен әңгімелесу жүргізіледі. Осындай кездесулер кезінде біз дала экожүйелерінің маңыздылығы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау мәселелері, қоршаған ортаның құлдырауы қандай зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы айтып береміз. Балаларда назардан тыс қалмайды: олар үшін тақырыптық ойындар, конкурстар, табиғат туралы фильмдер/мультфильмдер көрсетіледі.
  • ҚБСА білім беру мекемелерінде экологиялық клубтар құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда "Ақбөкен достары" мен ҚБСА мүшелерінің клубтары белсенді қызмет атқарып келеді. Клуб мұғалімдеріне және педагог - көшбасшыларына экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік құралдар беріледі. Бұл материалдар оқушылар мен студенттерге маңызды және өзекті ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клубтармен бірлесе отырып, ҚБСА түрлі іс-шараларды ұйымдастырады: конкурстар, дебаттар, дала лагерлері және т. б.
  • Жерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін ұтымды пайдалануды енгізу ландшафтар мен табиғи ресурстарды сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Осы бағытта ҚБСА ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен, шаруа және аңшылық шаруашылықтарымен және басқа да табиғат пайдаланушылармен жұмыс жүргізеді, олар үшін үздік сарапшылармен семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады.