9 February 2023
АСБК мүшелерінің клубтары - бұл өскелең ұрпақпен өзара іс-қимылдың тағы бір форматы.
Біздің мақсатымыз - экологиялық білімді және жауапты ұрпақты тәрбиелеуге көмектесу. Педагогтармен және мұғалімдермен тікелей жұмыс істей отырып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбы биология және экология сабақтарында ғана емес, экологиялық білім беру элементтерін әр түрлі пәндерге енгізгіміз келеді.
Сонымен қатар, АСБК клубтары табиғатты сүйетін пікірлестерді жинауға мүмкіндік береді. Біздің клубтардың балалары табиғатқа шығуды жиі ұйымдастырады, құстарға бақылау жасайды, оларды қоректендіреді және біздің табиғатты қорғау жобаларымызға қатысады.
АСБК клубтары жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындары, балалардың бос уақытын қамту мекемелері базасында құрылады және АСБК-ның тұрақты қолдауымен өз бетінше қызмет атқарады.
АСБК клубын қалай құруға болады? |
|
- 1-қадам. АСБК клубын құруға өтініш беру pr@acbk.kz адресына хат жазу.
- 2-қадам. Клубтың кемінде 5 қатысушысы АСБК-ға мүшелікке өту қажет.
- 3-қадам. Клуб құру туралы арнайы анкетаны толтыру.
АСБК клубы міндеттері:
- АСБК стратегиясы мен Жарғысы шеңберінде өз қызметтін дербес дамыту және белсенді жүргізу
- Табиғат қорғау іс-шараларын (конкурстар, акциялар, көрмелер және т. б. форматта) ұйымдастыру.
- Клуб қызметі туралы мерзімді ақпарат беру
- Клубтың Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясына (АСБК) қатыстылығын нақты белгілеп жүру.
Клубтарда өткізілетін АСБК дәстүрлі іс-шаралары:
- Суда жүзетін және су маңы құстарының халықаралық қысқы санағы (каңтардың ортасы )
- "Көктем келе жатыр" жобасы (наурыз-маусым)
- Жыл құсы науқаны аясындағы Құстар күні мерекесі (1 сәуір)
- Қоныс аударатын құстар күні (мамырдың екінші демалысы)
- Дүниежүзілік құстарды бақылау күні (қазан айының алғашқы демалыс күндері
- Құстарды азықтандыру бойынша "Қамқорлық дәні" қысқы акциясы (қыс бойы)
|
АСБК ұсынатын қолдау:
- Қолдануға дайын оқу-әдістемелік құралдар - сабақ сценарийлері, тақырыптық ойындар, байқау мысалдары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар және т. б..
- Бинокль және/немесе көру құбырлары. Берілетін жабдықтардың саны АСБК мүмкіндіктеріне, клуб мүшелерінің санына, сондай-ақ оның белсенділігіне байланысты. Жабдық АСБК-ның меншігі болып қалады және клуб жұмыс істеген уақытта пайдалануға беріледі.
- Қазақстанның құстары мен гүл өсімдіктері бойынша қысқаша анықтамалар
- "Құстарды қалай бақылау керек"әдістемелік құралы.
- Полиграфиялық өнімдер: плакаттар, брошюралар және т. б
- Ақпараттық қолдау: клуб қызметі АСБК сайтында және әлеуметтік беттерінде (Facebook, Вконтакте, Instagram), сондай-ақ "Жасыл әлем" электрондық журналында жарияланады.
- Далалық лагерьлер ұйымдастыруда көмек көрсету, кажетті жабдықтармен (палатка, каремат) қамтамасыз ету.
Поделиться с друзьями
выберите одну из предложенных социальных сетей чтобы рассказать о новости друзьям