Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Жалпы сипаттама

 

АСБК 2006 жылдан бастап Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау саласына қызмет етіп келеді. Барлық жұмыстар ғылыми негізде жүзеге асырылады, өйткені биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары іргелі зерттеулерсіз шешілмейді. Сондықтан АСБК биоалуантүрлілікті экожүйе деңгейінде сақтайды.

Тіршілік ету ортасының жоғалуы белгілі аумақта тұратын жануарлардың санының азаюына, тіпті жойылуына алып келуі мүмкін. Бұл экожүйелердің деградациясына әкеледі. Сондықтан маңызды территорияларды сақтау биоалуантүрліліктің өзекті проблемасы болып табылады.

АСБК-да маңызды ландшафтарды сақтау бойынша жұмыс екі жолмен жүзеге асырылады: белгілі бір маңызды мекендерде табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру және мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау.

Бүгінде АСБК негізгі орнитологиялық аумақтарда (IBA) бағдарламасын жүзеге асырады; Рамсар алқаптары және Дүниежүзілік табиғи мұра аумақтарын сақтау жұмысына қатысады; мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен (қорықтар, ұлттық саябақтар, резерваттар, қаумалдар, экологиялық дәліздер) бірлесіп жануарлардың негізгі түрлері мен экожүйелерді мониторингтік зерттеуден өткізу арқылы осы жұмыстың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.