Орта Азия шөлдерін сақтау бастамасы (Central Asian Desert Initiative - CADI)
Жоба мақсаты - уОрта Азия шөлдерін қалыпты пайдалану және оларды қорғау шараларын жетілдіру
Қоңыржай белдеуінің шөлдері солтүстік Ираннан Орта Азия арқылы Моңғолияға дейін созылады. Олар ғаламдық деңгейде маңызы мол ерекше экожүйе болып табылады. Бұл аумақтар құстар және басқа жануарлар миграциясы үшін өте маңызды, мәселен киіктер тіршілігі үшін зор рөл атқарады.
Халықаралық табиғатты қорғау одағы зерттеулеріне сәйкес қоңыржай белдеуінің шөлдері маңыздылығына қарамастан әлемдегі ең аз сақталатын биомдарға жатады. Қоңыржай белдеуінің шөлдері бойында бірде-бір ЮНЕСКО табиға мұрасы аталмаған. Кейбір мемлекеттерде аталмыш шөлдер ерекше қорғалатын табиға аумақтар құрамына да енбеген.
Қоңыржай белдеуінің шөлдеріне біртіндеп құлдырау қаупі төніп тұр. Оның басты себептері - табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалану, тұрақсыз мал шаруашылығы және үлкен инфрақұрылымдық нысандардың пайда болуы.
CADI бастамасының Қазақстандағы қызметі келесі бағыттарда іске асырылады:
- Қоңыржай белдеуі шөлдерінің жерін пайдалану, олардың қоғаныс деңгейі, биоалуантүрлілігі, экожүйелік қызметі жайында объективті білімді пайдалану және ақпаратты кең тарату.
- Аталмыш жоба аясында Орта Азияның ғылыми мамандарына арналған стипендиялық бағдарламаны ұйымдастыру. Жоба аумағы шеңберінде биоалуантүрлілікті зерттеуге бағытталған экспедициялар жүргізу.
- Барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, шөлді биомдардың жер ресурстарын қалыпты пайдалану.
- Қазақстан табиғи ресурстарын кешенді түрде басқару мақсатында заңнамалық базаны шолу
- Мал шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық қырлары бойынша ақпарат жинап, оның негізінде жерді пайдалану картасын дайындау
- "Open Standards" экожүйені зерттеу әдістемесін қолдануда және климат өзгерісіне бейімделуде жергілікті халыққа қолдау көрсету бойынша жоспар құрып, осал жағдайларына баға беру.
- ЕҚТА-ды тиімді басқару және болашақта жаңа қорғалатын территория құру мақсатында қажетті жағдай жасау
- Қызмет ететін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқарудың тиімділігін арттыру. Қазақстанда биоалуантүрлілік және экожүйелік қызмет тақырыбында үкіметаралық ғылыми-саяси кездесу өткізу.
CADI туралы толық ақпаратты жобаның үш тілдегі сайтынан алуға болады. Жіберілімге жазылғыңыз келсе мұнда басыңыз.