9 September 2019
Биыл жобаға Еуропа, Азия және Африканың 50-ге жуық елі қатысты. Қатысушылардың негізгі міндеті – ақ дегелек, кәдімгі көкек, сұр қарлығаш, қыстау қарлығашы, сары боздақ немесе жар қарлығашын алғаш рет көрген кезде, жоба сайтына кіріп, түрдің кездескен орны мен уақытын белгілеу. Жиналған деректер арқылы www.springalive.net сайтында құстардың көші-қон картасы пайда болады.
Жыл сайын жоба бір тақырыпты белгілейді. 2019 жылғы тақырып – құстардың терезелермен және шағылыстыратын заттармен соқтығысу проблемасы. Бұл проблеманы зерттеу үшін ҚБСА-ның 25 мүшесі мен волонтерлері екі апта ішінде Алматы және Нұр-сұлтан қалаларындағы 30 ғимараттың айналасын зерттеді. Тұрғындар мен аула тазалаушылардан ақпарат жиналды. Терезелермен соқтығысқан құстар табылған жоқ.
ҚБСА жоба қатысушыларына және аймақтардағы үйлестірушілерге алғысын білдіреді.
ҚБСА клубтары жетекшілері: Елена Ударцева, Гульжазира Тұрлыбекова, Еламан Кумусбеков, Ерлік Ноғайбек, Ұлпан Туманова.
"Ақбөкен достары" клубтары жетекшілері: Батима Уталина, Әсем Ысқақова, Күлпаш Молдахмет.
Аймақтық үйлестірушілер: Нұргүл Алханова, Оксана Нечай, Нина Агаркова, Дарья Николаева, Нұрия Шаяхметова.
2019 жылы "Көктем келе жатыр!" жобасы Heidelberg Cement қолдауымен ұйымдастырылды.
Поделиться с друзьями