30 September 2019
Барлық 11 "Ақбөкен достары" клубы мектеп жанындағы лагерьлер шеңберінде "Ақбөкен күні" халықаралық іс-шарасын атап өтті. Жалпы мерекеге 800-ден астам оқушы, 40 жергілікті тұрғындар, 55 мұғалім және қорықтардың жеті инспекторы қатысты.
Қатысушылар дала жануарларының түрлерін кескіні, мінез-құлқы және басқа да факторлары бойынша анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындады.
Борсы аулының балалары ақбөкен мүйіздерін заңсыз сатуға қарсы ақпараттық кампанияға қосылды – олар жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларға ақбөкенді сақтаудың маңыздылығы туралы айтты, сондай-ақ арнайы стикерлер таратты.
"Ақбөкен достары" клубтарымен жұмыс Ақбөкенді сақтау альянсының және Fauna & Flora International қолдауымен, "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы аясында жүзеге асырылады.
Поделиться с друзьями