Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Нұр-Сұлтан қаласында киіктерді сақтауда ұшқышсыз ұшатын аппарат мүмкіндіктерін таныстырды

9 September 2019

7 тамызда Нұрұлтанға жақын жерде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен киіктерді зерттеу мен сақтауда жаңа буындағы ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері таныстырылды.

Аппарат Каспий құбыр консорциумы қаражатына сатып алынды. Бұл ұйым 2016 жылдан бастап "Киелі киік" бірлескен бағдарламасы аясында ҚБСА-ның киіктерді сақтау қызметін қолдап келеді.  

Supercam S350 ұшқышсыз ұшу аппараты шағын габаритті (қанат құлашы 3,2 м, салмағы шамамен 12 кг), ауада 4,5 сағатқа дейін болып, фото-және бейнетүсірілім жасай алады, деректерді 90 км-ге дейінгі қашықтыққа жібере алады.

Киіктер популяцияларын ұшқышсыз ұшатын аппарат көмегімен зерттеу жұмысын ҚБСА мамандары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымдарымен, ең алдымен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-мен бірге жүргізетін болады.

Поделиться с друзьями