9 September 2019
29 шілде мен 7 тамыз аралығында Қорғалжын қорығында ақбас үйректің түлеуге жиналған топтары санауға алынды, сонымен қоса осы сирек үйректердің көші-қонын зерттеу мақсатында оларға белгі тағылды.
Үш жыл ішінде ҚБСА мамандары 19 құсқа геолокаторлар орнатқан. Ақбас үйректерге белгі тағу жұмысы бұдан бұрын Қазақстанда жасалмаған, сондай-ақ бұл құстарды қауіпсіз аулау әдістемелерін пысықтау бойынша жұмыстар да бұрын жүргізілмеген. Бұл – алғашқы тәжірибе болды.
Зерттеу жұмыстары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және Қорғалжын қорығының қолдауымен жүргізілді. National Geographic Society қоры қаржылық қолдау көрсетті. ҚБСА жобаның волонтерлері – Ирина Григорьеваға, Артем Кошкинге, Артем Янушевскийге және Александр Федулинге алғыс білдіреді.
Қорғалжын көлдерінде суда жүзетін құстар мен олардың түлеу топтарын есепке алу үшін "ТрансКом" ЖШС қолдауымен сатып алынған жаңа көру құбыры пайдаланылды.
Поделиться с друзьями