«Көктем келе жатыр» - балалар мен ересектердің табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, оларды көші-қон құстарын сақтауға шақыратын халықаралық жоба. «Көктем келе жатыр» жобасы арқылы құстар әлемін танып, оларға көмектесіп және табиғатты қорғауға бағытталған шаралар мен науқандарға қатысуға немесе ұйымдастыруға болады.
Жобаның басты идеясы – Еуропа, Орта Азия және Африканың барлық өңірлерінен жиналған қатысушылар қыстау қарлығашын, ақ дегелек, кәдімгі көкек, қара сұрқарлығаш, жар қарлығаш және сарыалқым аражегішін алғаш рет кездестірген кезде, жобаның арнайы сайтында (www.springalive.net/kz-kz) белгілейді де, сол арқылы құстардың ұшып өту картасын жасайды. Жобаға 50-ден аса мемлекеттер қатысады.
Жобаға қатысу реті: Қадам 1. «Көктем келе жатыр» жобасымен таңдалған құстар түрлерімен танысып алып, біздің елге ұшып келу уақыты жайында ақпарат табыңыз. Жобаның құстары - қыстау қарлығашы, ақ дегелек, кәдімгі көкек, қара сұрқарлығаш, жар қарлығаш және сарыалқым аражегіш Қадам 2. Қоршаған табиғат ортасын жақсылап бақылап, аталған бес түрдің біреуін кездестірген немесе естіген (көкекті көру өте қиын, есту оңай) кезде, алғаш кездесудің уақыты мен мекенін есте сақтаңыз немесе жазып алыңыз. Қадам 3. «Көктем келе жатыр» жобасының сайтына кіріп (www.springalive.net/kz-kz), «Добавьте свои наблюдения» атты батырмаға басыңыз. Пайда болған нысанды толтырып, соңында «Сақтау» батырмасын басу арқылы бізге жіберіңіз. !!! Есте сақтаңыз, нысанға тек қана арғашқы кезесу туралы мәліметті енгізу қажет!
Қадам 4. Үш күннен соң сайтқа қайта кірсеңіз, сіздің енгізген мәліметтеріңіздің арқасында көктем солтүстікке қарай жылжығанын байқайсыз. |
>>>"Көктем келе жатыр" жобасы сайтына өту +Бақылауыңызды қосыңыз Жоба 1 наурыз-21 маусым аралығында өтеді
|
Жобаның аймақтық координаторы болыңыз:
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) өз тарапынан координаторларды жобаға қатысты барлық ақпаратпен қамтамасыз етіп, келесілерді береді: баспа өнімдер:
электронды материалдар:
Жоба 21 маусымға дейін созылады. Маусым соңында ең белсенді координаторлар мен қатысушылар дипломдармен және жоба сыйлықтарымен марапатталады. Егерде Сіз «Көктем келе жатыр» жобасының аймақтық координаторы болуды қаласаңыз немесе қосымша сұрақтарыңыз пайда болса Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясына төмендегі байланыс телефондарф арқылы хабарласыңыз. Аймақтық координатор болу үшін 30 сәуірге дейін хабарласу қажет pr@acbk.kz
|
|
Жоба демеушісі: | |
![]() |