Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>

Басқа іс-шаралар

 

Қоныс аударатын құстарды және олардың мекендейтін орындарын сақтаудың маңыздылығын жариялау мақсатында 2006 жылдан бері Қоныс аударатын құстар күні жаһандық науқан ретінде аталып өтеді.

Жыл сайын мамыр айының екінші демалыс күндері әлемнің көптеген елдерінде Құстар фестивалі, құстарды бақылау бойынша білім беру лекциялары мен экскурсиялар сияқты көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

Бұл күні не істеуге болады:

  • Достарыңызбен және жақындарыңызбен бірге табиғатқа шығып, құстарды бақылаңыз. Ермегіңіз қызықты және танымды болу үшін бинокль мен құстар түрін анықтауға көмектесетін анықтаманы өзіңізбен алып жүріңіз.
  • Аулаңыз бен бақшаңызды құстар үшін тартымды етіп безендіріңіз. Әр түрлі ағаш, бұталар отырғызып, құстарға су ішетін орын дайындаңыз. 
  • Құстар паналайтын жақын маңдағы көлдер мен су қоймаларына барыңыз. Егер қажет болса, аумақты қоқыстан тазартуды ұйымдастырыңыз.
  • Өзіңіздің бақылауларыңыз бен фотосуреттеріңізді ҚБСА-ға жіберуге болады. Біз оларды сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда қуана бөлісеміз.

 

Дүниежүзілік құстарды бақылау күнін қазан айының алғашқы демалыс күндері атап өтеді.

Осы науқан аясында әлем бойынша жүздеген іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың барысында кездескен құстар түрлерінің саны, қатысушылар белсенділігі есепке алынады. Қазақстандағы BirdLife серіктесі ретінде ҚБСА осы акцияның ұлттық үйлестірушісі болып табылады. Шараға қатысу үшін жақын маңдағы саябаққа немесе елді мекеннен тыс жерлерге – мысалы көлге барып,  құстарды бақылап, өз нәтижелерін ҚБСА-ға жіберу қажет.

Шараның мақсаты - адамдардың назарын құстарға және олардың мекендейтін жерлерін сақтау мәселесіне аудару,сондай-ақ құстар түрлерінің алуандығы туралы өзекті мәліметтер алу, көші-қон жолдарын анықтау.

Бедвочерлер - бұл құстарды жай ғана бақылаушылар ғана емес, бұл табиғатты жақсы көретін және әр түрдің сақталуына назар ауыратын адамдар. 

Бедвочерлердің 12 қағидасы:

  1. Құстарға ұқыпты қарау
  2. IBA және құстар мекендейтін жерлерді қорғау
  3. Құстарға қауіп төндірмеу және стресстік жағдайларды болдырмау
  4. Ұя салу және құстардың түнеу орындарынан алшақ тұру,  осы жерлерге басқа адамдардың басып кіруінің алдын алу
  5. Суретке түсіру кезінде камуфляжды және жасырын орындарды пайдалану
  6. Құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің көбею орындары анықталған жағдайда осы фактіні жарияламау, олжа туралы орнитолог-мамандарға немесе жануарлар дүниесін қорғау органдарына хабарлау
  7. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін бұрыннан бар жолдармен жүру
  8. Жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірмеу, соның ішінде гүлдер мен жәндіктерді жинамау
  9. Топқа жиналып құстарды бақылаған кезде шуламау, басқа бақылаушыларға кедергі жасамау
  10. Бастауыш бедвочерлермен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісу
  11. Бақылау кезінде күнделік жүргізу және құстарды қорғау мақсатында деректерді тиісті мамандар мен ұйымдарға беру
  12. Қажет болған жағдайда бедвочерлерге аталмыш 12 қағиданы еске салу